Саяси ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет32/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59
Байланысты:
treatise15701

Ескерту. 42-бапқа ӛзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 
1998.10.07. №284, 2007.05.21. № 254 Заңдарымен.
43-бап
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң ӛкiлдi органның депутаты 
болуға, ӛзге де ақы тӛленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен 
айналысуға құқығы жоқ. 
2. алып тасталды 
Ескерту. Қазақстан Республикасының 2007.05.21. №254 заңымен 43-
бапқа ӛзгерту енгізілді.
44-бап
Қазақстан Республикасының Президентi: 
1) Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы 
саясатының негiзгi бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды; 
2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен 
тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және 
оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; 
Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған 
заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе 
оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; 
3) Парламент Мәжілісінде ӛкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен 
консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика 
Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің 
келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны 
қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің 
құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық 
атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика 
Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі 
істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін 
қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды 
мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына тӛрағалық етеді; Үкіметке заң 
жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен 
премьер-министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана 
әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара 
тоқтата тұрады; 
4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкінің Тӛрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 
Тӛрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады; 
5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін 
мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың 
басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 


60 
6) Республика дипломатиялық ӛкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды 
және керi шақырып алады; 
7) Орталық сайлау комиссиясының Тӛрағасын және екі мүшесін, 
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жӛніндегі есеп комитетінің 
Тӛрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды; 
8) Республиканың мемлекеттiк бағдарламаларын бекiтедi; 
9) 
Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республиканың 
мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерiне 
арналған қаржыландыру мен еңбекақы тӛлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiтедi; 
10) республикалық референдум ӛткiзу жӛнiнде шешiм қабылдайды; 
11) келiссӛздер жүргiзедi және Республиканың халықаралық шарттарына 
қол қояды; бекiту грамоталарына қол қояды; ӛзiнiң жанында тiркелген шет 
мемлекеттердiң дипломатиялық және ӛзге де ӛкiлдерiнiң сенiм грамоталары 
мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды; 
12) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып 
табылады, Қарулы Күштердiң жоғарғы қолбасшылығын тағайындайды және 
ауыстырып отырады; 
13) Республиканың мемлекеттiк наградаларымен марапаттайды, құрметтi, 
жоғары әскери және ӛзге атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық 
дәрежелердi, бiлiктiлiк сыныптарын бередi; 
14) Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерiн шешедi; 
15) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады; 
16) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен 
аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне 
елеулi және тiкелей қатер тӛнген, мемлекеттiң конституциялық органдарының 
қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика 
Парламентi Палаталарының Тӛрағаларымен ресми консультациялардан кейiн 
Республика Парламентiне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл 
аумағында және оның жекелеген жерлерiнде тӛтенше жағдай енгiзудi, 
Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар 
талап ететiн шараларды қолданады; 
17) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан 
тiкелей қатер тӛнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның 
жекелеген жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы 
мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентiне дереу 
хабарлайды; 
18) ӛзiне бағынысты Республика Президентiнiң Күзет қызметiн және 
Республикалық ұланды жасақтайды; 
19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Хатшысын қызметке 
тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесi мен ӛкiлеттiгiн 
анықтайды; Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгiн құрады; 
20) Қауіпсіздік Кеңесін және ӛзге де консультативтік-кеңесші органдарды, 
сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады; 


61 
21) Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да 
ӛкiлеттiктердi жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет