62
2. Республиканың Президентi ӛзiнiң мiндеттерiн атқару кезiндегi iс-әрекетi
үшiн тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап бередi және бұл
үшiн Парламент оны қызметiнен кетiруi мүмкiн. Айып тағу және оны тексеру
туралы шешiм Мәжiлiс депутаттарының кемiнде үштен бiрiнiң бастамасы
бойынша депутаттардың жалпы санының кӛпшiлiгiмен қабылдануы мүмкiн.
Тағылған айыпты тексерудi Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелерi
Сенат депутаттары жалпы санының кӛпшiлiк даусымен Парламент Палаталары
бiрлескен отырысының қарауына берiледi. Бұл мәселе бойынша түпкiлiктi
шешiм айып тағудың негiздiлiгi туралы Жоғарғы
Сот қорытындысы және
белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы Конституциялық
Кеңестiң қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы
санының
кемiнде
тӛрттен
үшiнiң
кӛпшiлiк
даусымен
Парламент
Палаталарының бiрлескен отырысында қабылданады. Айып тағылған кезден
бастап екi ай iшiнде түпкiлiктi шешiм қабылдамау
Республика Президентiне
қарсы тағылған айыптың күшi жойылған деп тануға әкеп соғады.
Республиканың Президентiне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған
айыптың қабылданбауы оның қай кезеңiнде де осы мәселенiң қаралуына
себепшi болған Мәжiлiс депутаттарының ӛкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын
тоқтатуға әкеп соғады.
3. Республика Президентiн қызметiнен
кетiру туралы мәселе ол
Республика Парламентiнiң немесе Парламент Мәжілісінің ӛкiлеттiгiн
мерзiмiнен бұрын тоқтату жӛнiнде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды.
Ескерту. Қазақстан Республикасының 2007.05.21. №254 заңымен 47-бапқа
ӛзгерту енгізілді .
48-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын
босаған немесе кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика
Президентiнiң ӛкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының Тӛрағасына
кӛшедi; Сенат Тӛрағасының ӛзiне Президент ӛкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн
болмаған ретте ол Парламент Мәжiлiсiнiң Тӛрағасына кӛшедi; Мәжiлiс
Тӛрағасының ӛзiне Президент ӛкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол
Республиканың Премьер-Министрiне кӛшедi. Ӛзiне
Республика Президентiнiң
ӛкiлеттiгiн қабылдаған тұлға тиiсiнше Сенат Тӛрағасының, Мәжiлiс
Тӛрағасының немесе Премьер-Министрдiң ӛкiлеттiгiн тапсырады. Бұл
жағдайда бос тұрған мемлекеттiк лауазымдарды иелену Конституцияда
кӛзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында кӛзделген негiздерде және тәртiппен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң ӛкiлеттiгiн ӛзiне қабылдаған
тұлғаның
Қазақстан Республикасының Конституциясына ӛзгерiстер мен толықтырулар
туралы бастамашылық жасауға құқығы жоқ.
Ескерту. Қазақс
тан Республикасының 1998.10.07. №284 заңымен 48-бап жаңа
редакцияда.