Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


бөлінбей әйелмен бір сапта намаз оқуы – намаз-



Pdf көрінісі
бет103/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

бөлінбей әйелмен бір сапта намаз оқуы – намаз-
ды бұзатын нәрсе. 
Ханафи мәзһабында әйел адам ер 
кісілердің арасында бір сапта намаз оқыса, әйелдің екі 
жанындағы екі еркектің және дәл артындағы бір еркектің 
намазы бұзылады. Намаздың бұзылуы намаздағы парыз 
саналған сап ретінің тәрк етілуіне байланысты.
12. Тәйәммүммен намаз оқыған адамның су көруі. 
Тәйәммүммен намаз оқыған адам, пайдалануға шамасы 
келетін суды көрсе, намазы бұзылады. Мысалы, намаз-
да тоқтап қалған судың келуі секілді. Бірақ Ханафида, 
тәшәһһүдта отырғаннан кейін судың табылуы намазды 
бұзбайды. Өйткені, бұл кезде намаз аяқталған.
13. Намаз бітпей жатып сәлем беру. 
Төрт рәкаттан 
тұратын намазды ұмытып, екі рәкат санап, бірінші 
отырыстың соңында сәлем берген адамның намазы 
бұзылады. Бірақ төрт рәкат екенін біліп, қателесіп бірінші 
отырыстан кейін сәлем берсе, намазы бұзылмайды. 
Сәлемнен кейін көп іс-қимыл жасамаса немесе сөйлемесе, 
қайтадан тұрып намазының қалған бөлімін орындайды. 
Кешіктіргені үшін сәһу сәждесі жасалады
220
.
14. Парыз, уәжіп намаздарының уақыты 
шыққанда.
15. Мәсіге тартылған мәсіх уақытының 
аяқталуы.
220
Білмен, 222-227; Дөндерен, 274-286.


181
Намаз
Азан
Азан – сөздікте «хабар беру, білдіру» мағынасын 
білдіреді. Терминге салсақ: парыз намаздардың 
уақыттарын білдіретін арнайы айтылатын сөздер. Парыз 
намаздары үшін оқылатын азан Құран мен сүннет арқылы 
белгіленген. Исламның әуелінде дәл қазіргідей азан 
оқылмайтын. Тек қана «әс-салата, әс-салата» (намазға, 
намазға), немесе «әс-Салатул-жами’аһ» (намаз адамдар-
ды біріктіруші) секілді сөздермен білдірілетін. Кейіннен 
һижреттің алғашқы жылдарында Мәдинада Пайғамбар 
мешіті салынып біткен кезде, сахабалар жиналып, 
Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге жамағат болып, намаз 
оқи бастады. Міне, сол уақытта Аллаһ Елшісі (с.а.у.) 
намаз уақыттарының жариялануы жайында сахабалар-
мен мәжіліс өткізді. Кейбір сахабалар түсінде көрген 
азан оқылуын айтып, бұл да уахимен қуатталып, бүгінгі 
кездегі азан түрі пайда болды.
Ерлер үшін азан – мүәккад сүннет. Аллаһ 
Тағала Құран Кәрімде: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет