Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет203/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Зекет ғибадатының үкімі
Зекет ғибадаты Ислам дініндегі негізгі бес ғибадат-
тың ішінен орын теуіп, Һижреттің екінші жылы Рамазан 
оразасынан кейін Шәууал айында парыз болды.
372
Бақара сүресі, 276-аят.
373
Муслим, бирр/69.


348
Ислам ғылымхалы
Парыздығының дәлелдері 
(Құран Кәрім, Сүннет, Ижмағ)
1. Құран-Кәрім:
«Намаз оқыңдар, зекет беріңдер…»
374
 «Олардың 
күнәларынан тазаланып, малдары көбейіп 
берекеттенуі үшін олардың (мұсылмандардың) 
малдарынан садақа (зекет) ал …»
375
 «Шын мәнінде 
садақалар (зекеттер) кедей-кепшіктіктерге, түгі 
жоқ міскіндерге, зекетті жинауға тағайындалған 
адамдарға, көңілдері жібітілуі мақсат етілгендерге 
(жаңа мұсылмандарға т.б.), құлдарды азат етуге, 
қарызға батқандарға, Аллаһ жолына және қиналған 
жолаушыларға берілуі Аллаһ тарапынан парыз 
етілді»
376

2. Сүннет
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:
«Ислам діні бес негізден тұрады: Аллаһтан басқа 
тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммедтің (с.а.у.) Аллаһ 
тарапынан жіберілген елші екендігіне куәлік келтіру, 
намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы 
келсе қажылыққа бару»
377
 
3. Ижмағ
378
Жаппай барлық Ислам ғұлама, мүштаһиттері зекет 
ғибадатының парыздығына бірдей көзқарас білдірген. 
374
Бақара сүресі, 34,83-аят.
375
Тәубе сүресі, 103-аят.
376
Тәубе сүресі, 60-аят.
377
Тирмизи, Иман,36; Бухари, Иман,1; Муслим, Иман, 217.
378
Ижмағ: Ислам ғұламаларының белгілі бір мәселенің үкімінде 
ортақ көзқараста болуы.


349
Зекет
Тіпті сахабалар зекетті бермейміз дегендерге қарсы 
соғыс ашу керек деген пікір айтқан.
Кімде-кім зекет ғибадатының парыздығын 
қабылдамаса, діннен шығады. Ал, парыздығын қабылдап 
орындамаса, күнәһар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет