Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет41/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
мисуактың жаңаша ғылыми анализін жасап, жан-жақты 
терең зерттеу үстінде.
Сиуәктау – «тіс тазалау» деген сөз. Сондықтан, ми-
суакпен ғана шектеулі емес, саусақтармен, тұзбен, паста-
мен, т.б. нәрселермен де жасай алады. Бірақ мисуактың 
орны ерекше.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) күніне он бес рет мисуак 
қолданып, сүннет етуді әмір етіп, қазіргі тіс тазалығы 
мен тіс ауруына деген сақтықтан әлдеқайда басым 
түскен. Халықты былай қойғанда, тіс дәрігерлерінің 
өзі күніне бес-он рет тістерін тазалайды деп ойламай-
мын. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кем дегенде күнделікті 
тіс тазалауының өзі осыған жететін. Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) түнде бірнеше рет намазға тұрғанда сөзсіз мисуак 
қолданатын еді.
74
Таң намазында, күн шығыс және сәске 
намаздарында, бесін, намаздыгер, намазшам және құптан 
намаздарында мисуак қолданатыны секілді, тамақтан 
кейін де тістерін мисуакпен тазалайтын. Санайтын 
болсақ, Аллаһ Елшісінің алдыңғы айтқан сандардан 
әлдеқайда көп мисуак қолданғанына куә боламыз»
75
.
7. Рет-ретімен жасау. Дәретте мүшелерін аятта 
берілген ретпен орындау. Яғни, алдымен қолды, бет-
жүзді, содан-соң екі білекті шынтағымен жуу, басты 
мәсіх ету, аяқтарды жуу.
8. Дәретті оң жағынан бастау. Алдымен оң қол 
және оң аяқ жуылады. Хазреті Айша Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) барлық істі оңнан бастағанды жақсы көретінін 
айтады
76
.
74
Бухари, Уду’ 73; Муслим, Таһарат 46,47,
75
М. Фатхуллаһ, Мұхаммед пайғамбар − ғаламның рақым нұры. 
Дәуір баспасы, Алматы, 2004 ж. (ауд: Ахмет Әшен)
76
Бухари, Салат, 47.


75
Тазалық
9. Дәрет мүшелерін үш реттен жуу. Барлық дәрет 
мүшелерін үш реттен жуу – сүннет. Сондықтан не артық, 
не кем жуу сүннетке қайшы. Бірақ, әлбетте күмәнданып, 
қайта жуудың жөні басқа. Мәсіх бір рет қана істеледі.
10. Дәретте қолдарын, аяқтарын жуған кезде саусақ 
ұштарынан бастау.
11. Саусақтарды салалау. Дәрет алғанда қол 
мен аяқ саусақтарының арасын салалап жуу керек. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.): 
«Саусақтардың арасын 
салалаңдар. Олардың арасына жаһаннам оты кіріп, 
оларды салаламасын»
77
, – деді.
12. Сақалдарды салалау. Дәрет алған кезде тығыз 
сақалы болғандар қолдарын сақалдарының арасы-
на кіргізіп, жоғары қарай тартып салалау керек. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай салалап: 
«Раббым 
маған осылайша әмір етті»
, – дейді
78
. Қысқа не сирек 
сақалдардың араларына су кіру оңай болғандықтан жуу 
жеткілікті.
13. Қаптама мәсіх – басына толық мәсіх жасау. 
Шынашақпен (кіші саусақ) бірге үш саусақ ұшма-ұш 
келтіріліп, маңдайынан желкеге дейін осы үш саусақпен 
мәсіх етіп, желкеден соң алақанымен құлақ үстіндегі 
бастың екі жағы, сұқ саусақтарымен құлақтың ішін, 
бас бармақпен құлағының арты, саусақтар сыртымен 
мойынға мәсіх ету – сүннет. Тамақты мәсіх ету сүннетке 
жатпайды.
14. Дәрет мүшелеріне су құйып ысқылау.
15. Дәрет мүшелерінің бәрін бір уақытта жуу. Яғни, 
бірі құрғамай жатып, екінші мүшені жуу.
77
Әбу Дәәуд, Таһарат, 56.
78
Нәйлу’л-Әутәр, 1,148.


76


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет