Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«(Мұхаммед) олар сенен етеккір жайында



Pdf көрінісі
бет39/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

«(Мұхаммед) олар сенен етеккір жайында 
сұрайды. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар...
де»
65
.
Әйелдің үзір қаны (итихада)
Үзір қаны – құрсақтан емес, дененің бір тамырынан 
ағатын қан. Балиғат жасына жеткен әйелдің үш күннен 
аз, он күннен артық аққан қаны хайыз қаны емес, үзір 
қаны болып табылады. Нифас болған әйелдің қырық 
күннен кейінгі және жүкті кезіндегі қаны да үзір қаны.
Әйелдің мұндай үзірі ғибадатқа кедергі келтірмейді. 
Тек дәреті болған кезде ақса, жарадан аққан қан секілді 
дәретті бұзады. Тоқтаусыз жалғасса, әйел «үзірлі» 
қатарына жатып, әр уақыт намазға арнайы дәрет 
алады.
Дәрет
Дәрет – Исламда кейбір ғибадаттарды іске асыру 
үшін әрі жеке басына өзінше ғибадат саналатын арнайы 
тазалану түрі. Бұл – белгілі бір мүшелерді жуу және 
мәсіх етуден тұрады. Дәрет – негізінде дененің ең көп 
кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы 
маңызды ғибадат. Сондықтан да дәретсіз намаз оқып, 
63
ЗуҺайли, 1,470-471.
64
Ибн Мажә, Таһарат, 92,
65
Бақара, 2/222.


71
Тазалық
Қағбаға тауап ете алмайды. Құранды да дәретсіз қолмен 
ұстай алмайды. Бірақ ашық тұрған Құранның бетіне 
қарап оқи алады. Дәреттің осы дүниелік әрі ақыреттік 
пайдалары көп. Пайғамбарымыз бұл тұрғыда: 
«Кімде-
кім әмір етілгендей дәрет алып, әмір етілгендей намаз 
оқыса өткен күнәлары кешіріледі»
66
.
«Кімде-кім дәрет алып, жүзін жуғанда, бет 
мүшелері жасаған күнәлары, аяқ-қолдарын жуғанда, 
сол мүшелермен жасаған күнәлары су тамшыларымен 
бірге ағып, тап-таза болады»
67
, – дейді.
Хазіреті Осман әңгімелейді:
«Пайғамбарызбен бірге едік. Дәрет алып жатқан 
бір кісіні көзі шалып, Аллаһ Елшісі сәл езу тартты. Мен 
мұның мәнісін білгім келіп:
– Не үшін күлдіңіз, құрметтім? – дедім. Ол кісі 
маған қарап:
– Жаратушы Иемнің дәрет алатын құлына 
көрсететін ілтипатын ойлап езу тарттым. Дәрет 
алған кезде адам денесінің әр мүшесін жуған сайын, 
сол мүшелерден сумен бірге адамның күнәлары да 
сыздықтап ағып кетеді, – деп жауап берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет