Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Ей, иман еткендер! Намазға тұрарда



Pdf көрінісі
бет73/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

«Ей, иман еткендер! Намазға тұрарда 
жүздеріңді, қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. 
Бастарыңа мәсіх тартыңдар, және екі тобыққа 
дейін аяқтарыңды жуыңдар. Егер жүніп болсаңдар, 


133
Намаз
толық тазаланыңдар. Науқастанып қалсаңдар яки 
сапарда болсаңдар, не болмаса біреу түзге отырып 
келсе яки әйелге жақындассаңдар, сонда су таба 
алмасаңдар, таза жерге тәйәммүм соғыңдар, онымен 
беті-қолдарыңды сипаңдар. Аллаһ сендерге салмақ 
түсіруді қаламайды. Бірақ сендерді тазартуды, 
сондай-ақ, шүкіршілік етулерің үшін сендерге нығмет, 
ырыс-берекесін толықтыруды қалайды»
147
.
Хадисте: 
«Дәреттерің бұзылған кезде, қайта дәрет алмай, Аллаһ 
намаздарыңды қабыл етпейді», – деп ескертеді
148
. Басқа 
бір хадисте: «Аллаһ тазаланбай оқыған ешқандай на-
мазды қабыл етпейді» 
делінеді
149

2. Нәжістерден тазалану (Заттық 
тазалық)
Намаздан бұрын дене мен киімді немесе намаз 
оқылатын жерде болған ластықтың тазалануы қажет. 
Бұл намаздың іске асуы үшін шарт. Намазға кедергі жа-
сайтын нәжістер: ауыр нәжіс және жеңіл нәжіс болып 
екіге бөлінеді. Ауыр саналғандар: егер қатты болса, 
төрт грамм салмағында, сұйық болса, алақан аясынан 
астам жерді қамтыған мөлшер киімде, денеде немесе 
намаз оқитын жерде болса, намазға кедергі жасайды. 
Жеңілге келсек, бұл дененің яки киімнің төрттен бірінен 
аз мөлшері намазға кедергі жасамайды.
3. Әуретін жабу
Әурет – шариғат терминінде қарауы харам, жабы-
луы парыз ұятты мүшелер.
147
Маида, 5/6.
148
Бухари, Уду, 2.
149
Бухари, Уду, 2.


134
Ислам ғылымхалы
Бұл мүшелердің намазда немесе намаздан тыс 
жерлерде жабылуы – парыз. Ерлердің әурет жерлері: 
кіндігінен тізелерінің астына дейінгі жерлері. Бұған 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына хадисі дәлел: 
«Еркектің әурет жері – кіндігі мен тізесінің арасы», 
«Кіндіктің асты – тізеден түскенге дейінгі жерлер»
150

Әйел үшін әурет – жүз, қол, аяқтан басқа барлық дене. 
Хазіреті Пайғамбар былай дейді: 
«Әсма! Әйел балиғат 
жасына жеткен кезде оның мына мүшелерінен басқа 
жерлерінің көрінуі дұрыс болмайды. Аллаһ Елшісі осы 
сөздерді айтқан кезде қолдары мен жүзіне ишарат 
еткен еді»
151
. Хазіреті Айшадан бізге жеткен бір хади-
сте: 
«Аллаһ балиғат жасына жеткен әйел затының 
намазын орамалсыз қабыл етпейді»
152
– деп айтылып, 
шашты жабу керектігіне меңзейді.
Намазда бір мүшенің төртен бірі еріксіз ашылып, 
«субханАллаһил-а'зим»
дейтіндей уақыт тұрса
намаз бұзылады. Ал егер өз еркімен ашса, сол сәтте 
бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет