Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет75/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

«Шығыс та, батыс 
та Аллаһтікі. Сондықтан жүздеріңді қай жаққа 
қаратсаңдар, Аллаһтың жүзі сол жақта»
156
.
Кеме немесе пойыз, ұшақтағы адам шамасы келіп, 
мүмкіндігі болып тұрса, құбылаға қарап оқиды. Егер 
кеме бұрылса, ол да құбыла жаққа қарай бұрылуы қажет. 
Бұрылу мүмкіндігі болмаса, алғаш тұрған жағына қарай 
оқиды. Егер тікелей құбылаға қарай оқитын мүмкіндік 
тумаса, құбылаға ең жақын бағытқа қарай оқиды. 
Құбылаға бұрыла алмаған науқас адамның да жағдайы 
осындай. Өйткені, міндеттің орындалуы атқарушының 
мүмкіндігіне қарай шектеледі. 
Мініс атта, автомобиль мен автобуста нәпіл намазы 
оқылғанымен, парыз намаздарын уақыттары өтпей басқа 
жерде оқуға мүмкіндік бар жағдайда, аталмыш жерлер-
де оқуға болмайды. Өйткені, намаздың парыздарынан 
болған қиям мен құбыла орындалмайды. Бірақ жері 
лайсаң намаз оқуға лайықсыз жерлерде ат, көліктерін 
тоқтатып, соның үстінде құбылаға бет бұрып, оқи 
алады.
Ханафи мәзһабында, екі намазды біріктіріп қосып 
оқу, тек қажылық мезгілінде Арафат пен Муздәлифәда 
ғана рұқсат етілген. Бұдан тыс жолаушылық секілді се-
156
Бақара, 2/115.


137
Намаз
бептерге байланысты қосып оқи алмайды. Бірақ басқа 
мәзһабтарда жолаушылықта екі намазды қосып оқу 
бар. Сол себепті, жолаушылықта ханафи адам шафиғи 
мәзһабы бойынша, ниет етіп, зәру жағдайларда, екі на-
мазды қосып оқуына болады.
Құбыла жақтан 45 шамадан (градус) артық оңға 
немесе солға бұрылу – құбыланың шартын бұзады. 
Намазда себепсіз көкірегін құбыладан бұру намазды 
бұзады. Егер тек жүзін бұрса, дереу құбылаға бұру керек. 
Мұндай жағдайда, намазы бұзылмайды. Бірақ харамға 
жақын мәкрүһ болады
157
.
5. Уақыт
Намаз – күннің арнайы белгілі уақыттарында іске 
асатын парыз. Парыз намаздарға уақыт шарт. Парыз 
сүннеттері, тарауих және айт намаздары үшін де уақыт 
шарт. Уақыты кірмейінше, парыз намазын оқу іске аспай-
тыны сияқты, уақыты шыққан соң оқылған намаз да қаза 
деп есептеледі. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет