1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет41/72
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111192
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
Лейкоциттер
- ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мкл қанында 6-8 мың лейкоциттер 
болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру, қорғану қабілеті) лейкоциттерге 
байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын 
қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс 
ғалымы И.И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а)дәнді лейкоциттер немесе 
гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер. Гранулоциттердін 3 түрі бар: 
нейтрофилдер, эозинофилдер 
және 
базофилдер. 
Ал агранулоциттерге лимфоциттер жатады. Қанның 
құрамындағы лейкоциттердің түрлері адамның жасына лайықты мөлшерде шамамен тұрақты 
болады Бұл тұрақтылықты л е й к о ц и т а р л ы қ ф о р м у л а деп атайды. 
Лейкоциттердің саны мен бір-біріне қатынасы, яғни лейкоцитарлық формула түрлі әсерлерге 
(ауру, ауыр дене жүмысы, ас қабылдау, ұйқы т.с.с.) байланысты өзгеріп отырады. Лейкоциттердің 
саны да сыртқы және ішкі әсерлердің ықпалынан үнемі өзгеріп тұрады.
Сондықтан оның саны 
мен лейкоцитарлық формуласы тек шамамен айтылып, жазылады. Мысалы, егер баланың бір түнгі 
ұйқысы бұзылса, дереу лейкоциттердің жалпы саны мен лейкоцитарлық формуласы өзгереді. 
Ұйқысы жөнделгеннен кейін шамамен қалыпты мөлшеріне жетеді. Сондада болса лейкоцитарлық 
формуланың өзгерісі арқылы кейбір ауруларды анықтауға болады. Мысалы, баланың ас корыту 
жүйесінде ішек құрттары пайда болса, эозинофилдердің пайыздық мөлшері күрт көбейеді. 
Сондықтан дәрігерлер баланың ауруын лейкоцитарлык, формула арқылы шамамен анықтап алып, 
кейін оны тереңірек зерттеп, емдейді.
Лейкоциттердің жалпы саны жаңа туған нәрестеде 10-20 мың шамасында болғанмен, 
өмірінің алғашқы сағаттарында оның саны күрт көбейеді. Айталық, туған сәтте 19500 болса, 6 
сағатта 22000, 24 сағатта 28000 дейін көбейеді де екінші тәулікте азая бастайды: 48 сағатта 19500 
болады. Ал 5-ші тәулікте баланың лейкоциттері күрт төмендейді де, 7-ші тәулікте 8000-11000 
шегіне жетіп, шамамен ересек адамның жоғары деңгейіне шамалас болады. 
Мезгілінен ерте туған сәбилердің лейкоциттерінің саны 3600-36000 шамасында өзгереді. Қыздардың 
қанындағы 10-12 жаста лейкоциттердің саны 6000-8000, яғни ересек адамдай болады. 
Тромбоциттер. 
Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. 
Тромбоциттердің ең күшті өзгеретін тұрақсыз мезгілі 1 жасқа дейін. Бұл кезде оның жас, әлі толық 
жетілмеген түрі қанда көп болады. Бұл емшектегі балаларда тромбоциттер көп өндірілетінін 
білдіреді. Баланың жасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет