1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет40/72
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111192
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
т ұ т қ ы р л ы ғ ы
. Қанның тұтқырлығын судың тұтқырлығымен салыстырады. 
Судың тұтқырлығы 1 -ге тең деп алынса, жаңа туған сәбидің қанының тұтқырлығы алғашқы күндері 
10,0-14,8
болады. 1-ші айдың соңында ол 
4,8
дейін төмендеп шамамен тұрақты болып, осы күйінде 
сақталады. Оның ауытқуы онша көп емес, алғашқы 1 жаста орта есеппен 
4,6
; 1-3 жасқа дейін 
4,57;


3-15 жас арасында 
4,61
шамасында болады. Дегенмен 8-11 жас арасында ғана қанның тұтқырлығы 
айтарлықтай 
2,9
-дан 
5,5
-ке дейін (орта шамамен 
3,9
) ауытқиды деген мәліметтер кездеседі. Қанның 
тұтқырлық шамасы жынысқа байланысты емес, орта есеппен алғанда ер балаларда 
4,6
, ал қыз 
балаларда 
4,58
-ге тең болады. 
Қан плазмасының тұтқырлығы оның жалпы тұтқырлығына қарағанда аз, не бары 
1,88

Сонымен, қанның құрамы, оның мөлшері, физикалық және химиялық қасиеттері шамамен алғанда 
тұрақты болуы тиіс. Бұл тұрақтылықты жүйке жүйесі мен гуморальдық жүйелер реттейді. 
Адамның қанының температурасы тұрақты болады. Бір тәуліктің ішінде баланың денесінің 
температурасы 
36,6-37°С
шамасында ғана өзгереді. Температураның аз мөлшерде көбейгені - 
денедегі аурудың белгісі. Ал температура төмендесе адамның "әлі құриды", яғни әлсіздік 
байқалады. Қан бауырда және бұлшық еттерде жылытылып, теріде салқындатылады. 
Қанның пішінді элементтері 
Эритроциттер. 
Олардың саны адамның жынысына байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 
млн., әйелде 4-4,5 млн. Қанның ядросыз қызыл клеткалары, диаметрі 7-8 мкм, ал қалыңдығы 2 мкм. 
Эритроциттердің пішіні екі жағы ойыңқы келетін линза іспетті болады. Эритроциттердің қызметі - 
ағзадағы оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдау. Бұл қызметті эритроциттердің 
кұрамындағы күрделі белок ге м о г л о б и н атқарады. Ол г е м деп аталатын, құрамында екі 
валентті темірі бар заттан және г л о б и н белогынан тұрады. Гемоглобин өкпе куысында оттегімен 
оңай қосылып, 
оксигемоглобинге 
айналады. Оксигемоглобин организмнің ұлпаларына қанмен 
тасылады да, ұлпаларға келгенде оңай ыдырайды, нәтижесінде глобин мен О
2
пайда болады. Босаған 
оттегі ұлпалардың клеткаларының тотығуына қатысады, ал глобин белогы ұлпаларда зат 
алмасуынан пайда болған көмірқышқылын қосып алып 
карбоксигемоглобинге
айналады. Бұл 
да жеңіл ыдырайтын қосынды, қанмен өкпеге барып, көмірқышыл газын босатады, глобинге 
қайтадан оттегі қосылады. Сойтіп гемоглобин өкпеден ұлпаларға оттегін, ұлпалардан өкпе қуысына 
көмір қышқыл газын тасиды. Көмір қышқыл газы деммен бірге сыртқа шығады. Оттегі мен 
көмірсутегін қосып алу екі валентті темірдің қасиетіне байланысты. Кейбір жағдайда (жыланның 
уымен немесе "иіс газымен" уланғанда) гемоглобиннің қүрамындағы екі валентті темір үш валентті 
темірге айналып, ол СО
2
к а р б о г л о б и н деп аталатын берік қосылысқа айналады, содан барып 
уланған адамның денесіндегі тотығуға оттегі жетіспей, гемоглобиннің көп мөлшері карбоглобинге 
айналғанда бала өліп қалады. Мұндай жағдайда уланған адамды жылдам оттегі мол жерге шығару 
қажет, сонда гемоглобин екі валентті темірі бар дұрыс қалпына келіп, адам тірі қалады. 
Эритроциттер қан плазмасының осмостық, қысымының өзгерісіне аса сезімтал болады. Осмостық 
кысымның төмендеуі эритроциттерді бұзып, оның құрамындағы гемоглобин қан плазмасына 
шығады. Соның нәтижесінде эритроциттер өзінің басты міндеті — оттегін тасымалдау қабілетінен 
айырылады. Гемоглобиннің қан плазмасына шығуын г е м о л и з деп атайды. Гемолиздің әсерінен 
қанның тұтқырлығы айтарлықтай күшейеді де, қан жүрісін қиындатады. 
Егер қанды алып, пробирканың ішіне біраз уакыт қойса, оның құрамындағы эритроциттер тұна 
бастайды да, бетіне қанның сарысуы шығады. Эритроциттердің 
тұну жылдамдығы
(ЭТЖ; емханада 
орысша РОЭ немесе СОЭ дейді) қалыпты жағдайда ер адамда 3-9 мм/сағ, әйелде 7-12 мм/сағ 
шамасында болады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы аурудың диагностикасында аса маңызды 
көрсеткіш. 
Жаңа туған сәбидің қанында 2 түрлі эритроциттер бар: 
а)ұрықтық эритроциттер; б) қалыпты 
эритроциттер. 
Бала туар алдында оның қанына көп мөлшерде қалыпты эритроциттер қосылады. 
Сондықтан жаңа туған сәбидің алғашқы сағатында 1мм
3
қанында 6 , 5 - 7 , 2 млн эритроциттер 
болады. Өмірге жаңадан келген баланың қанына біраз шамада жаңа эритроциттер қосылады да 
алғашқы 5-6 сағатында 1 мм
3
6,62-7,5 млн эритроциттер болады. Бірақ алғашқы к үннен бастап, 
ұрықтық эритроциттер ыдырап, орнына жаңа эритроциттер қосылады, сондықтан олардың 
саны бірінші тәуліктен бастап азая бастайды. 24 сағаттан кейін 1 мм

қанда 6,11-7,06 эритроциттер 
болса, 1 аптадан кейін 5,54-6,21 млң, 10 күннен соң 4,80-5,70 млн шамасына дейін азаяды. Бұл 
сәбидің ұрықтық эритроциттерінің бауырда ыдырауына байланысты жағдай. Алғашқы 1-2 жаста 
эритроциттердің саны баланың тұрмыс жағдайына, ауа райына т.б. сыртқы және ішкі әсерлерге 
байланысты өзгермелі келеді. Мүндай күшті өзгерістер 5 пен 7 жас, 12 мен 14 жас арасында да 
байқалады. Жалпы алғанда балалардың қанындағы эритроциттердің саны құбылмалы келеді. 
Оның мөлшеріне баланың ұйқысы, тамағының құрамы, күн кестесінің бұзылуы да әсер етеді. 
Мысалы, бала жасына лайық мөлшерден аз ұйықтаса, сол күні оның қанындағы 
эритроциттердің саны 0,7-1,2 млн-ға дейін азаяды. 


Эритроциттердің құрамындағы гемоглобиннің мөлшері нәрестеде ересек адамнан жоғары болады. 
Егер ересек адамның эритроциттеріндегі гемоглобинді 100% деп алсақ, жаңа туған сәбидің 
қанындағы гемоглобин 140-145% болады, яғни 100 мл қанында 17-25 г гемоглобин бар. Сонымен 
бірге сәбидің гемоглобиндерінің оттегін қосып алу қабілеті де аздап жоғары: ересек адамда 1 г 
гемоглобин 1,34 мл оттегін, ал сәбиде 1,40 мл оттегін қосып алады. Сондықтан жаңа туған сәбидің 
оттектік сыйымдылығы 35 мл (ересек адамда 18-21 мл) болып, зат алмасуының қаркынды өтуіне 
мүмкіндік береді. 
2-3 
жастың 
арасында эритроциттердің саны 5-5,5 млн/мкл. Бұл кезде эритроциттердің диаметрі 
аздап кішірейеді, ал гемоглобиннің мөлшері 2 жаста 80-90 %

3 жаста қайтадан 100 % дейін 
көбейеді, яғни ересек адамдардағыдай болады, ал оттектік сыйымдылығы ересектерден әлі де 
болса жоғары. Тек 4-6 жаста эритроциттердің саны, пішіні, мөлшері және гемоглобинінің 
қасиеті, оттектік сыйымдылығы ересек адамдардағыдай болады. 
Эиртроциттердің тұну жылдамдығы жаңа туған нәрестеде 0,5 мм/сағ, туғаннан кейін 
біртіндеп ол артады: 1 жаста 2 мм/сағ, 2-3 жаста 3 мм/сағ, 5-6 жаста 4-5 мм/сағ, қыздарда 7-11 жаста, 
ер балаларда 7-13 жаста 3-9 мм/сағ болып, ересек адамдардың эритроциттерінің тұну 
жылдамдығына (7-12 мм/сағ) жақындайды. 
Адам денесіндегі эритроциттердің өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі жаңарып 
отырады: ескілері бауырда және басқа мүшелерде ыдырап, жаңа жас эритроциттер сүйек 
кемігінде өндіріліп, қан айналымына қосылады. Алғашқы аптадағы эритроциттер ыдырағанда 
босайтын темір иондары сәбидің терісінде қор ретінде жиналады да, тотығып баланың терісі сарғыш 
тартады. Мұны сәбидің "сары ауруы" деп атайды, бірақ ол жұқпалы Боткиннің сары ауруына 
байланысты емес, қордағы темірдің тотығуынан болған. Кейіннен терідегі темір иондары жаңа 
қан клеткаларын түзуге пайдаланылады да, терінің түсі дұрыс қалпына келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет