намыс яки соғыс толғауы.
Діндар дәуірдің жырларында
кәпірлермен соғысқанда әскерге қайрат беру үшін намысын
қоздырып, қанын қыздыруға айтылған намыс толғауда да дін
әсері төмендегі сөздерден көрінеді.
Жүсіп, Ақмет жырында Ғашырбек қырық жігітке қайрау сөз
айтқанда, былай толғайды:
Ойран етіп тау-тасты,
Қанға бояп көз жасты,
Шүлдірлетіп қызыл басты,
Сайлап шаншар күндер бүгін.
Асыл алмас пышақтары,
Тығырадан шашақтары,
Ақыметжанның қожақтары
Жаннан кешер күндер бүгін.
Ғашырбектің сол озары,
Құрылсын мақшардың базары.
Бек Жүсіптің қошқарлары
Қаннан кешер күндер бүгін.
Ат құлағын теңестіріп,
Бір-біріңе кеңестіріп,
Кәпірлерді қойша қырып,
Майдан кешер күндер бүгін.
Марқайыс толғауы.
Діндар дәуірдің марқайыс толғауында
да дін әсері болғанын мына сөздерден байқауға болады.
Байтұрсын, Ақтас деген жақын ағалары 15 жыл каторгі-
де болып, қайтып келіп тұрған қуанышының үстінде айтқан
Қарпық ақынның марқайыс толғауында мынадай сөздер бар:
Кәпірге қылыш сілтеп қарысқаным!
Дүниеде теңін тауып жарысқаным!
Тәніңнен, дұшпан көрсең, түгің шыққан,
Лайық заманыңа арыстаным!
320
Нашарды сырт дұшпаннан арашалап,
Қам ойлап, қарашыға болысқаным!
Үлгімен әр орында тұра берген
Ақылға Аплатондай данышпаным!
Достардан қасірет отын қалас ойлап,
Қайырлы сағатында қауышқаным.
Шұбалаң, Қарақоға, Жыланшықпен
Дені сау түсінікті болыстарың.
Бұл күнде сіздер үшін дұғада тұр
Атқарып жолдас болған орыстарың
6
.
...............................................................
Діндарлықтың әсері жоқтауларда да бар. Бұрынғы жоқтау-
ларда өлген адамның батырлығы, байлығы, істеген ерлігі,
мырзалығы айтылып жоқталғанда, діндар дәуір турасындағы
жоқтаулар дін жайын жақсы білетінін айтып жоқтайды.
М ы с а л ы:
Бисмилла сөздің басына,
Ағайын келді қасыма.
Бір күнгідей болмаған
Дүние деген осы ма?
Көңілден қайғы босатсам,
Келе ме көздің жасына?
Жыламай неғып шыдайсың
Кешегі өткен асылға?
Асылым түсті қолымнан,
Қанатым сынды оңымнан.
Құдай қосқан жайсаңым
Адастырды жолымнан.
Отыз төртке келгенде
Ұядан үшты алғаным,
Дүниенің білдім жалғанын!
Мезгілсіз келді кезегім
Қызығыңа қанбадым,
Кәлам шәріп хат оқып,
Ислам жолын аңдадың,
Жан тәсілім болғанша
Ақылыңнан танбадың.
Сонда біліп, ойладың
Құданың назар салғанын.
6
Кәпірге жолдас болды деп тиген сөзі (А.Байтұрсынұлы түсініктемесі).
321
Амандаспақ сол күні
Көңілде болды арманың.
Амандастың жұртыңмен.
Бұйрығы деп Алланың.
Иманыңды құрметтеп,
Періште келсін хабарға.
Артыңда қалған біз нашар
Іздегенмен табар ма?
Кешегі сөнген шамшырақ
Орнына қайтып жанар ма?
Дүние-дәулет болса да,
Енді дәурен болар ма?
9.
терме.
Діндар дәуір термесі мен ауыз әдебиет түрінің
термесі бірдей. Жалғыз-ақ діндар дәуір дін сөзін көбірек
қатыстырумен айрылады. Мысал үшін діндар әдебиет термесі-
нен алып қарайық.
Шортанбай термелері:
Атамыз Адам Пайғамбар
Топырақтан жаралды.
Мұсылман, кәпір халайық
Сол Адамнан таралды.
Мұсылманға бұйырған
Көкірегіне қадалды.
Ұрлық пенен қарлықтан
Бойыңды тартып, тек жүрсең,
Көрмессің деген залалды.
Белгілі деген бейістің
Жазғы салқын самал-ды.
Тарихы деген тамұқтың
Қысқы суық амал-ды.
Ауыл малы бұралқы
Ақылы жоқ жаманға.
Атасын алдар баласы
Үшбу ақыр заманда.
Жақсылықтан айырым жоқ
Жамандық асқан заманда.
Малынан зекет бермеген,
Аузына Құдай кірмеген
Қайыры жоқ сараң да.
322
Алақандай ай мен күн
Ғаламның ортақ жарығы.
Жаппардың екі болмайды
Әмір қылған жарлығы.
Құбылаға бас қоймақ
Мұсылманның парызы.
Ораза, намаз қаза қылмасаң,
Көңіліңде Құдай барлығы.
Жапалық пен жалғыздық
Жалғанның жаман тарлығы.
Түшіркенген ұйқы жоқ,
Қайғының асқан зарлығы.
............................................
2) Әбубәкір термелері:
Ауру болып азамат,
Қойылса, басың жастыққа.
Достарменен сөйлесіп,
Жарамайсың достыққа.
Көңілің жүрмес хоштыққа,
Өзіңнен бақыт кеткен күн
Айналар достық қастыққа.
Не қылмайды адамзат
Әурешілік жастықта.
Дүние қуған мастыққа.
Әбдірахман, Әбуиет,
Адасып, жолдан астық па?
Шүкірлік қылмай тастық па?!
Ғибадат бізден болса да,
Тауфық сізден білемін.
Рақметті патшамсың,
Кешіре гөр, күнәйім!
Өзің пендем демесең,
Пайдаға аспас құр уайым.
Тауфық берсең, нұрланар
Ықылас пенен дін уайым.
Зор сүйініш етемін
Мұсылман болып туғанға.
Ләпбайка деп рухым,
Хаққа мойынсұнғанға.
Шүкір қылғын, жарандар,
323
Жақсы мал шалып құрбанға.
Дәрет алып, намаз қыл,
Суды құйып құманға.
Зекет беріп, қажыға бар,
Айналмаңыз құр малға.
Дүниеге айналып,
Тәңірі берген дәулеттен
Мақшар күні құр қалма!
Көңілге иман бекітіп,
Үйретіңіз туғанға.
Ісләмнің бес парызы
Жанған оттан құтқарар
Хақ таразы құрғанда.
Шапағат қылар бес намаз
Әзірейіл жетісіп,
Жаныңды қабыр қылғанда.
Бұл дүниенің қызығы
Ұқсайды, білсең, жарандар,
Көзіңді ашып жұмғанға.
..................................................
(Діндар дәуір әдебиет нұсқаларын нұсқалықтың
131, 165-інші нөмірлерінен қара).
Достарыңызбен бөлісу: |