325
Жүйрік аттың белгілі сипаттары сияқты, асыл сөзде де бел-
гілі сипаттар болады. Сөз сол сипаттарын дұрыс көрсетумен
асыл болып шығады. Мұнан асыл сөзді білетін адамның бәрі де
сөз шығаратын ақын болады деп ойламасқа керек.
Асыл сөздің сипаттарын білумен адам ақын болмайды, бірақ
ақын адам сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, сөзін таза,
мінсіз шығарады. Асыл сөздің сипаттарын білу тыңдаушыға да
қажет. Абайдан кейін сөзге талғау кіреді. Айтушы да, тыңдаушы
да сөзді талғайтын боды, олай болғаны – Абай асыл сөздің
айқындап нұсқаларын көрсеткеннің үстіне, аз да болса асыл сөз
сипаттарын айтып та жұртты хабардар қылды. Абайдың «Өлең
– сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңінде жақсы өлеңнің
сипаттары да, қазақ ақындары мен тыңдаушылардың жоғарыда
айтылған асыл сөзді танымайтын надандықтары да айтылып, аз
да болса мағлұмат берілген (Абайдың сол өлеңін оқу), сүйтіп,
асыл сөздің сипаттарын білу жалғыз ақындарға емес, әр адамға
керек. Жақсы сөздің сипаттарын білген адам сынай білмекші,
сынай білуден сөз талғауы күшеймекші. Солай болған соң,
асыл сөздің басты-басты сипаттарын білу сөйлеу жүйесінің ең
керек бөлімінің бірі болады.
Қазақтың жазу әдебиеті басқалардікі сияқты айтылуынша
бөлінеді деген едік, бірақ ол салалардың қандай тарау, тармақ
иә бұтақтарға бөлінетінін айтқанымыз жоқ еді.
Енді сол айтылған үш салаға қоятын тарау, тармақ, бұтақтар
сияқты, сөздердің түрлерін көрсетіп, әрқайсысын керек орнын-
да белгілі сипаттарымен әліптеп өтейік.
Ескерту:
қазақтың сындар әдебиеті Европа үлгісімен келе
жатыр және сол бетімен баратындығы да байқалады. Евро-
па әдебиетіндегі сөз түрлері бізде әлі түгенделіп жеткен жоқ.
Бірақ қазір болмағанмен, ілгеріде болуға ықтимал. Сондықтан
сындар дәуірдегі сөз түрлерін жүйелеп тәртіптегенде, Европа
әдебиетінің бізге келіп жетпеген түрлерін де өзіне тиісті орын-
дарында атап отеміз. Солай еткенде дарынды сөз табына жата-
тын сөздің түрлері мынау болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: