А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет131/172
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#111203
түріБағдарламасы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   172
Байланысты:
Байтұрсынұлы

іі. толғау түрлері
Толғау нендей сөз екені «Дарынды сөз түрлері» деген бап-
та айтылған еді. Мысалдары «Ауыз әдебиеттің», «Дарынды 
әдебиеттің» толғау бөлімдерінде көрсетілген еді. Бұл жерде 
азырақ толғау сөздер жақсы болып шығуына қандай шарттар 
қойылатынын айту керек.
Нағыз толғау мен күй (яки ән) арасы жақын, екеуінің де 
зейінге айтары аз, көңілге айтары көп. Толғау әдемілігі әуелі, 
айтуға алынған көңілдің күйіне қарай; екінші, оны айтып жет-
кізетін сөйлеу түріне қарай болады. Сүйтіп, толғау әдемі болып 
шығуы үшін екі түрлі шартты орнына келтіру керек. Толғаудың 
мазмұн жағына қойылатын шартты ішкі деп, сөйлеу
 
түріне 
қойылатын шартты тысқы дейміз.
1. Ішкі шарты
: а) Толғау жалпы сырлы болуы керек. Ақын 
толғауы да өз көңілінің күйін айтады, бірақ ол күй өзгеге 
түсінікті болуы тиіс. Күйі түсінікті болмаса, өзгелерге әсер ете 
алмайды.
ә) Толғау шын сырлы болуы тиіс. Өтірік жай сөзге де жарас-
пайды. Толғау сияқты сырлы шығармаға өтірік жараспақ түгіл, 
бүлдіреді. Сондықтан күйлі толғау көңілде шын болған күйден 
шығуы керек. Бұрынғы қазақ ақындарының мақтау, құттықтау 
өлеңдерінің көбі қадірсіз болып кетуі шын көңілден шын толғау 
болып шықпағандықтан.
б) Толғау таза болуы тиіс – лас, былғаныш, нәжіс әдемі 
нәрседен шықса, көңілге қандай әсер етеді? Толғау сөзге был- 
ғаныш сөз, былғаныш пікір қатысса, о да сондай әсер етеді.
в) Толғау көңілдің тереңдегі күйінен хабар беруі тиіс. 
Көңілдің бер жағынан шыққан толғаудың әсері оқушының 
көңілінде терең із қалдыра алмайды.
2. Тысқы шарты
: а) Толғау сөзі көңіл күйінің бейне билеуі 
сияқты болу тиіс. Күй де, би де біріне-бірі үйлесіп келгенде, 
сұлу болып шығады. Күй мен бидің үйлесуі.


334
ә) Толғау қысқа болуы тиіс. Көңіл күйінің көбі-ақ бір 
қалыпта ұзақ тұрмайды. Көңіл күйінен шығатын толғау көңіл 
табиғатына қарай ұзын болмасқа тиіс, ұзын болмайды да. Нағыз 
толғаулардың көбі-ақ 4-5 ауыз өлеңнен аспайды.
б) Толғау әуезді сөзбен айтылуы тиіс. Адамның көңілінің 
күйін жақсы білдіретін – күй мен ән. Әннен соңғы көңілге 
көбірек әсер беретін – әуезді сөз, әуезді сөздің әдемісі – өлең. 
Толғау көңіл сөзі болғандықтан әсер күшін көбейтетін өлең 
түрде айтылуы тиіс. Көбінесе солай айтылады да. Толғаудың 
құны қанша деген мәселеге келсек, толғау сөз өнерінің барып 
тұрған жері деп саналады. Толғаудағы көңіл күйлерінің бәрі 
өмір жүзінде адам біткеннің бәрінің басында бола бермейді. 
Көңілдің түрлі күйін әдемілеп айтып, сөзбен келтіруге үлкен 
ақындық керек; толғау жақсы болса, оқығандар өз басын-
да болмаған күйлерді толғау күшімен өзінде болған күйдей 
басынан кешіріп өтпек. Бұл өзгелердің көңіл күйін де дұрыс 
танып, дұрыс білуге үйретпек. Толғау көңілдің көркем сырла-
рын өрнекті сөздермен айтып білдіріп, адамның көрік сезімін 
күшейтеді. Әдемі толғаудан алатын адамның көрік ләззаты 
басқа сөздердің бәрінен де артық болады.
Ақынға дүниенің әдемілігі көрік пен махаббат екеуінде ғана. 
Өмірдің көрік пен махаббатқа дұрыс келетін істері сүйіндіреді, 
теріс келетін істері күйіндіреді. Мұның мағынасы көңілді 
сүйінішті, күйінішті күйге түсіру болады. Күйініш көңілге 
наразылық туғызады. Көңіл наразылығы мұң туғызады, мұң ой 
туғызады. Осы айтылған істерге қарай 
күйлі толғау
бірнеше 
түрге бөлінеді:
1. сап толғау. 
Қорыққанда «ойбай!», қуанғанда «алақай!», 
қиналғанда «уһ!», таңданғанда «о!», өкінгенде «қап!» деген 
сияқты пайым, пікір, ой белгілі кіріспеген, құстың сайрауы 
сияқты көңілдің таза күйінен шығатын сөз сап толғау яки сай-
рау деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет