332
Бұл түрлі сөз біздің әдебиетте әлі жоқ.
6. Мысал.
Мұның не туралы сөз болатындығы анайы
әдебиет туралы сөз болғанда айтылған еді. Мұндағы айтыла-
тыны анайы әдебиеттегі мысал мен сыпайы әдебиеттегі мысал
екеуінің арасындағы айырмасы. Анайы әдебиеттегі мысалдар
былай шыққан: алғашқы адамдар
басқа мақұлықтардан ұзап
жарымаған. Олар да түрлі табиғат түрлі тәсілмен тіршілік
ететіндігін көріп, олар да адамша ойлайды, сөйлеседі, кеңеседі,
бірін-бірі алдайды, арбайды деп білген. Сондықтан адамның ісін
әңгіме қылған сияқты олардың да істерін әңгіме қылған. Онан
хайуандар турасындағы ертегілер шыққан. Онан бері келе, хайу-
андар тіршілік еткенмен, нақ адамша ойласып, сөйлесіп, кеңес
етпейтіндігіне көзі жеткеннен кейін, мақұлықтар турасындағы
ертектер өтірікке саналып,
бірте-бірте жоғалып, тек мысал-
дар ғана қалған. «Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты»
деген, «Тышқан шаңырақтағы еттің сасығын-ай депті»
деген
сияқты мысалдар – хайуандар турасынан сөйлеген ертектерден
қалған мысалдар. Түйенің алданып қалуы туралы, тышқанның
шаңырақтағы етке бойы жетпеген соң, сасық деп кемітуі тура-
лы әңгімелер, ертектер болмаса, ондай мысалдар халық тілінде
болмас еді. Мұндай мысалдардың пайда болуына себеп болған
ертегіде айтылған хайуандардың ісіне адамдардың істерінің де
ұқсауы, қолы жетпеген нәрсесін жамандайтын мінез адамдарда
да бар. Сондай мінездерді адамдардың кемшілігін көрсеткісі
келгенде қазақ тышқанның «шаңырақтағы еттің сасығын-ай»
дегенін мысалға келтіреді.
Анайы әдебиетте болған хайуандар мінезі мен адам мінезін
көрсету мақсаты сыпайы әдебиетте де бар. Мақсат жағынан
бір-бірінен айрылмайды.
Айрылатын жері айтылуында,
анайы әдебиетте хайуанның мінезі құр мысал болды да, со-
нымен айтушы қанағаттанады да қояды. Сыпайы әдебиеттің
мысалы
мінезінің ұқсауымен қатар, айтылуының әдемілігін
де бірдей еске алады. Мінезінің ұқсауы қандай келісті болса,
әңгімесінің де сондай келісті болуын көздейді. Мұнда ұқсатуы
да, әңгімесінің айтылуы да – екі жағы бірдей қызғылықты
болып, тыңдаушыға екі жағы бірдей әсер етеді.
Мысалдарға
бұлайша түр шығарушылардың ең шебері Франция жұртында
Лабунтен (1759-1831), орыста Крылов (1763-1844) болған.
Олардан бұрын ескі түрмен мысалдаушы шеберлер үнді
жұртында болған, гректе (Эзоп), Румда (Бедір) болған. Кры-
333
лов мысалдарының түрлері «Қырық мысалдағылар», Абай
кітаптарындағылар, «Жиған-терген» деген Өтетілеуұлының
кітабындағылар. Крылов мысалдарының ішінде Эзоптан, Ла-
бунтеннен алғандары да бар.
(Әуезе иә әңгіме түріндегі сөздердің нұсқаларын
нұсқалықтың 166, 197-інші нөмірлерінен қара).
Достарыңызбен бөлісу: