157
сөзде де болса, жоспар болады, бірақ біреуінің жоспары, тәртібі
сара-сара ашық болады. Біреуінің жоспары тәртіпсіз, былықпа,
ашық болмайды. Қаншама кішкентай шығарма болса да, өзіне
сәйкес жоспары болады. Балғожаның баласына жазған хаты
деген кішкене өлең бар, кішкене өлеңнің кішкене жоспары мы-
нау:
1) Оқудағы баласына ата-анасы амандығын білдіру;
2) Баласына айтқан ақылы;
3) Оқымаған қазақ балалары не істейтінін көрсетуі.
Әңгіме үлкенірек болса, жоспары да үлкен болады. Алайық,
мәселен, Сейдахмет ақынның қондырмаған құрбысына айтқан
өлеңін. Бұл әлгі айтылған өлеңнен үлкенірек, мұның жоспары
да үлкенірек, мынадай:
1) Құрбысының кім екені;
2) Құрбысының қонуға келгені;
3) Құрбысының қондырмағаны;
4) Қалаға жақын жердегі қонақасының қымбат, арзандығы;
5) Көңілдестігін көрсетуі.
Достарыңызбен бөлісу: