мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға
бағытталған лауазымдық өкiлеттiктердi атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң
мемлекеттiк органдардағы қызметi;
мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда заңнамада белгiленген тəртiппен
республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын жəне мемлекеттiң мiндеттерi
мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының азаматы;
мемлекеттiк лауазым – нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген лауазымдық
өкiлеттiктер мен лауазымдық мiндеттер аясы жүктелген мемлекеттiк органның
құрылымдық бiрлiгi;
мемлекеттiк саяси қызметшi – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы жəне қызметi
саяси-айқындаушы сипатта болатын жəне саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру
үшiн жауапты болатын мемлекеттiк қызметшi;
мүдделер қақтығысы – мемлекеттiк қызметшiнiң жеке басының мүдделiлiгi мен оның өз
лауазымдық өкiлеттiктерiн тиiсiнше атқаруының немесе жеке жəне заңды тұлғалардың,
мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң арасында осы заңды мүдделерге зиян келтiре алатын
қайшылық туындайтын жағдай;
ауысу – құқық қорғау органдарындағы қызметті тоқтатпастан құқық қорғау органында
атқарып жүрген қызметінен босата отырып, сол мезгілде басқа құқық қорғау органындағы
лауазымға тағайындау;
баянат – қызметкер қызмет əрекеті процесінде тікелей немесе уəкілетті басшыларға
өтініш жасаған кезде ерекше нысандағы жазбаша баяндау;
біліктілік талаптары – құқық қорғау органындағы лауазымға орналасуға үміткер
азаматтарға олардың кəсіптік даярлық деңгейін, құзыреттілігін жəне нақты лауазымға
сəйкестігін айқындау мақсатында қойылатын талаптар;
кадр резерві – кейіннен оларды ұсыну үшін қалыптастырылған, деректері жүйеленген
тізімге енгізілген қызметкерлер;