Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 11 Барлығы
30
қызметтік тергеу
– қызметкердің тəртіптік теріс қылықты жасау мəн-жайын толық, жан-
жақты жəне объективті анықтау мақсатында, ол туралы материалдар мен мəліметтерді
жинау жəне тексеру жөніндегі қызмет;
тәртіптік жаза
– қызметкерге қолданылатын тəртіптік жауапкершілік шарасы;
тәртіптік жауапкершілік
– тəртіптік
теріс қылықтар, сондай-ақ əкімшілік құқық
бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
жағдайларда, қызметкерлер көтеретін заңдық жауапкершілік түрі;
тәртіптік теріс қылық
– қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы,
кінəлі атқармау немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық
өкілеттігін асыра пайдалануы,
қызметтік жəне еңбек тəртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет əдебі
қағидаларын) не ар-намыс кодекстерін (құқық қорғау органдарындағы қолданыстағы
қызмет əдебі қағидаларын) бұзуы, тəртіптік ретпен жазаланатын
сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылық жасауы, сол сияқты осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге
де заңдарында белгіленген, құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулерді
сақтамауы;
уәкілетті басшы
– құқық қорғау органының аумақтық
немесе оған теңестірілген
мамандандырылған бөлімшесінің басшысы, құқық қорғау органы мекемесінің,
ведомствосының басшысы;
Достарыңызбен бөлісу: