Баллистикалық сараптама – атыс қаруын қолдануға байланысты фактілерді
анықтайтын криминалистикалық сараптаманың түрі. Б.с. барысында: қару мен оқ-
дəрілердің топтық қатыстылықтарын анықтау; қаруды, оқ-дəрілерді жəне құрал-
саймандарды ұқсастыру (атылған оқтары, гильзалары бойынша); атылыс жағдаяттарын
анықтау(орны, жүйелілігі, ара қашықтығы, тəсілдері мен техникалық жағдайлары);
қарудығы жасырын таңбаларды (белгілерді) анықтау; белгілі бір жағдайлар кезінде
атылудың болу мүмкіндіктерін, сол атылыс фактісін жəне олардың санын, атылыс
уақытына анықтау жүргізіледі. Сот баллистикалық сарапшылар суық қаруды да зерттейді.
Дактилоскопия (грек. daktilos – саусақ, skopeo – қарапайым) – адам терісінің, көбінесе
қол саусақтарының папилляр өрнектерінің қасиеті мен сипатын, оларды анықтаудың
құралы мен əдістерін, оқиға болған жерден табылған іздер бойынша криминалистік тіркеу
жəне теңестіру мақсатында белгілеу, алу жəне зерттеуді оқып-үйренетін трассологияның
тарауы.
Дәлелдемелер – қасиеттері, жай–күйі немесе орны дəлелдеу тақырыбына кіретін
жағдаяттар туралы дəлелдемелік ақпараттар беретін материалдық объектілер. Заңда
белгіленген тəртіппен объект тексеріліп, хаттамаға жазылып, іске тіркелгеннен кейін
заттай дəлелдеме болып есептеледі.
Заттай дәлелдемелер – қасиеттері, жай–күйі немесе орны дəлелдеу тақырыбына кіретін
жағдаяттар туралы дəлелдемелік ақпараттар беретін материалдық объектілер. Заңда
белгіленген тəртіппен объект тексеріліп, хаттамаға жазылып, іске тіркелгеннен кейін
заттай дəлелдеме болып есептеледі.
құқық қорғау органы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке
жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын
қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сəйкес қылмыстылыққа жəне өзге де құқық
бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын,
заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тəртіпті қолдау, құқық бұзушылықтарды
анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін
атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган;