ұйымдастыру-штаттық іс-шаралар – құқық қорғау органының құрылымдарын
қалыптастыру жөніндегі шаралар кешені;
ұсыну – құқық қорғау органы жүйесінде жоғары тұрған лауазымдарға орналастыру;
атылатын қару (Огнестрельное оружие) – оқ-дəріден шыққан гадың күшімен оқ ататын
қару. Криминалистикада мұндай объектілерді жəне оқ атуға байланысты басқа да
құбылыстарды зерттейтін ілімді сот баллистикасы дейді. Оқ ататын қарудың негізгі
зерттелетін бөлшектері: оқпан заттар/ мылтықтың оқты бекітуші тетігі/, оқты салатын
арна/патронник/, гильзаны шағылыдратын тетік/ отражатель/, гильзаның ырғытқышы/
выбрасыватель/. Патронның бөлшектері: оқ, бытыра. Оқ-дəрі/ түтінсіз жəне түтінді/,
гильзаның тығыны/пыж/, капсюль. Осы объектілерді жəне оқтың тиген жерін зерттеу
арқылы ату құралын пайдаланып жасалған қылмыстың көп мəн-жағдайларын анықтап
шешіге болады.
аударылып-төңкерілу (Опрокидывание) – көлікті жүргізуді дұрыс меңгермендіктен, жол
жағдайларының қолайсыздығынан, көліктің техникалық кемістігінен жəне басқа да
себептермен көліктер /автомашинаның төңкеріліп-аударылуына байланысты болатын
жол-көлік оқиғасының бір түрі.
ауызша дәлелдемелерді бекіту түрі (Вербальная форма фискации доказательств) –
жағдайға байланысты іске қатысы бар мəн-жайларды, ауызша хабарды, /өтінішті,
көрсетпені/ дəлелдемелерді бекітудің мейлінше кең тараған түрі. А.д.б.т. қолданудың
техникалық əдісі хаттамаға жəне дыбыс таспасына жазу болып табылады. Хаттамаға жазу
кезінде оргтехникалық, стенографиялық, машинкамен, компьютермен жазу, диктофон
құралдары қолданылу мүмкін.
адамның ерекше көзге түсетін сыртқы келбеті (Броские приметы внешности человека)
– адамның бірден көзге түсетін жəне сирек кездесетін сыртқы келбетінің белгілері.
Оларды дене мүшесінің ашық жерлерінен байқауға болады. Іздеуде жүрген қылмыскерлер
жөнінде жедел-іздестіру органдарының тергеу ісі бойынша дұрыс бағыт-бағдар алуы үшін
қажет.