Бағдарламасы (syllabus) жбб, ur 1201 Ұлттық руханият пәнінің



Pdf көрінісі
бет15/54
Дата29.09.2023
өлшемі1,18 Mb.
#111440
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54
Байланысты:
2021-Силлабус-Руханият(все)-каз

генезисі 
Сағат саны: 2 
Тақырыптың жоспары: 
1. Түркі әлеміне ортақ тарихи санадағы руханият. Ұлттық руханият бастаулары.
2. Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің қалыптасып, дамуы, алғашқы кезеңдері (ежелгі қазақ 
жеріндегі тәрбие, кӛне түркі мәдениетіндегі тағылымдық ойлар бастаулары, орта ғасыр 
ойшылдарының тәлімгерлік ой-пікірлері).
3. Қазақ хандығы кезіндегі дәстүрлі тәрбиенің ұлттық руханияттағы орны (жыршы-
жыраулар, ақындар, батырлар шығармашылығындағы тағылымдық ойлар).
4. Ұлттық тәрбиенің қалыптасып, дамуына Ресей және Батыс Еуропа мәдениетінің ықпалы 
(ХVIII-ХХ ғ.ғ. Қазақстанның Ресейге қосылу кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысы мен 
ағартушылық-демократиялық бағыттағы тәлім-тәрбие, Кеңестік дәуірдегі ғылыми-
педагогиканың дамуы).
5. Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбие. Этнопедагогика, этнопсихология ғылым 
салаларының қалыптасып, дамуы (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ғаббасов, С.Ұзақбаева, 
К.Қожахметова, т.б.).
 
Дәріс тезисі:
 
Түркі тілдес халықтардың XI ғасырдагы аса кӛрнекті ақыны, есімі бүкіл 
шығыс елдеріне мәлім болған данышпан ойшыл, белгілі қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұн 
ұлтты кемелдендіру үшін ең әуелі отбасындағы әдептілік қарым-қатынасты қалыптастыру 
керек дейді. «Әкені сыйламаған ұлдан без, ананы сыйламаған қыздан без», – дейді ол. Әдеп - 
отбасындағы тәрбиенің алтын арқауы екенін айта келіп: «Кісілік - қымбат емес, кішілік – 
қымбат», «Ұлық болсаң, кішік бол», - деп түйіндейді. Ел-жұртты басқарып, кемелдендіретін 
– ақыл-парасатты, ниеті түзу, сӛзі қисынды, ӛнер мен білімге жетік, қолы ашық, пейілі кең, 
кек сақтамайтын, иманды да, инабатты, әдепті де әділетті азамат болуы керек деген ойын 
ғұлама ғалым Ахмет Иүгінеки «Ақиқат сыйы» деген дастанында жырмен жеткізеді. XI - XII 
ғасырда ӛмір сүрген, есімі ислам әлеміне мәлім болған ойшыл қайраткер Ахмет Яссауи 
мәдениеттіліктің тірегі - әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, рухани ӛмірдің таза 
болуы, жан тазалығы мен тән тазалығы деп кӛрсетеді. Ахмет Яссауи ұлтты мәдениеттілікке 
тәрбиелеудің басты құралы - дін деп кӛрсетеді, «Имандылық - мәдениеттілік екенін 
дәлелдеп, бір алланы сүю - шынайы махаббат», - деп атап кӛрсетеді. Ұлы тәлімгер Мұхаммед 
Хайдар Дулати (1499 - 1551) "Тарихи и Рашиди" атты тарихи және кӛркем шығармасында 
ұлттық мәдениеттің негіздерін ел басшысы қастерлеп, елге ӛзі үлгі кӛрсетуі керек деп 
түсіндіреді. Ел басшысы қарапайым, қамқоршы, жаны мен тәні таза, кішіпейіл кӛреген, 
кӛпшіл, адал, шыншыл, талап қойғыш, аңғарымпаз болу керек дейді. Ұлттық сана - ұлт 
руханиятының негізі. Ұрпақтан ұрпаққа тарихтың білімі, тұлғалар тағылымы, ұлттық тәрбие 
арқылы беріліп отырады. Ұлттық сананы ұлт руханиятының ӛзегі дейтін себебіміз, тарихта 
қазақты ұлт ретінде сақтап қалған дүние - ұлттық сана, ұлттық сананың рухы. Ұлттық сана 
ұлттың рухани әлемінде сақталып, ұрпаққа рухани дүниелер арқылы беріліп отырғандықтан 
да тарихтың қиын кезеңдерінің ӛзінде елдің бірлігі жоғалмаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет