Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі
жӛніндегі мектеппен тығыз байланысты болуды ӛте жақсы түсінеді. Ӛйткені, бала
тәрбиесінің отбасыда, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бӛлігі, мемлекет алдындағы ата –
аналардың борышы. Ӛкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Оған дәлел: балалар
мекемелері жӛніндегі халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балаларды еңбек, спорт
лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми – техникалық және кӛркем
шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше
кӛңіл бӛлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін
кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын
үйлестіру.
Қазақ халқы қашан да ұрпақ тәрибесіне жіті кӛңіл бӛлген. Атаның ақылымен, ананың
ақ сүтімен дарыған қасиет кешегі Абайдай дана, Шәкәрімдей ғұлама, Шоқандай шоқтығы
биік тұлғаларды қалыптастырды.
Бүгінгі жаһандану дәуірі осы дәстүрлі құндылықтарымызға салқынын тигізуде. Ұлы
жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген мәнді де, мағыналы нақыл
қалдырды. Бұл күні бүгінге дейін құндылығын жоймады.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп
қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты
білім беру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай
терең білім толтыра алмайтынын ӛмірдің ӛзі дәлелдеуде.
Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағы – оларды адамгершілік – рухани жағынан
нағыз адам етіп қалыптастыру керек. Сонда ғана нағыз толыққанды тұлғаға айналады.
Тәрбиедегі басты мәселе – балалардың тұлға аралық қатынасын дәріптеу, ӛз құрбы –
құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым – қатынасын жасай білу, ол үшін ӛзге
адамдарды түсінуі, қабылдауы, әр адамның даралық ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан
саналы түсіне білуі, ӛзіне сын кӛзбен қарап, ӛзінің кӛңіл – күйін, атқарған іс - әрекетінің
есебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне ӛзіндік баға бере алғанда оның болашағы биікте
болары сӛзсіз.
Бүгінгі бала тек мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай, оны әрі қарай ӛзінің
белсенді, нысаналы, зерделі, дарындылық іс - әрекетімен сабақтастыра білгенде болашағы
кемел болары сӛзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: