Бағдарламасы (syllabus) жбб, ur 1201 Ұлттық руханият пәнінің



Pdf көрінісі
бет13/54
Дата29.09.2023
өлшемі1,18 Mb.
#111440
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54
Байланысты:
2021-Силлабус-Руханият(все)-каз

 
Бекіту сҧрақтары 
1.
Тәуелсіздің қасиетті ұғым дегенді қалай түсінесіз? 
2.
Қазақ мемлекеттігінің кезеңдерін атаңыз. 
3.
Отбасы құндылығы дегеніміз не? 
4.
«Әкеге қарап ұл ӛседі, анаға қарап қыз ӛседі» деген нақыл сӛзді қалай түсінесіз. 
5.
«Қазақстанның болашағы жастар» дегенге сенесіз бе? 
6.
Болашақ ұрпаққандай болуы керек? 
Әдебиет
1.
Ата-бабалардың даналық сӛздері.Құрастырған: Қ.Еламанов.-Ақтӛбе,2001.-120 б. 
2.
Х.Абжанов. Қазақстан: тарих. тіл. ұлт.-Алматы, 2007.-272 б. 
3.
Е.Мұқадес. Әйтеке би.-Алматы, 2007.-560 б.М 
4.
Ж.Артықбаев. Этнология и этнография.-Астана, 2001.-304 с. 
5.
Тал бесіктен жер бесікке дейін. Құрастырған К.Ісләмжанұлы.-Алматы, 1995.-272 б. 
6.
К.Аманжолов. Түркі халықтарының тарихы.-Алматы, 1999.- 328 б. 
7.
А.Еспенбетов. Абайтану әлемінен.-Семей, 2017.-150 б. 
 
 
 
 
 


Педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасы 
1.Тақырыбы:
 Тәрбие кеңістігіндегі ҧлттық руханиятты зерттеудің ғылыми негіздері 
Сағат саны: 2 
Тақырыптың жоспары: 
1. Кіріспе. «Руханият», «ұлттық руханият» ұғымдарының тәрбие кеңістігіндегі мәні.
2. Жаһандану дәуірінің ұлттық руханияттың дамуына әсері.
3.Ұлттық руханияттың қоғам дамуымен байланысы мен сабақтастығы.
4. Адам капиталын құрудағы тарихи-қоғамдық, әлеуметтік-педагогикалық, ұлттық сана.
5. Халықтық педагогикалық мәдениет туралы түсінік. 
6. Ұлттық руханият мәселесін зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері.

 
Дәріс тезисі

Адамдарды
 
моральдық азғындықтан, сезімдік жадаулықтан құтқаратын бір 
күш бар. Оның аты-руханият. Керек десеңіз, руханият қоғамды әлеуметтік-экономикалық 
құлдыраудан да алып шығады. 
Руханият
-адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының 
нәзіктігінен, санасының жоғарлығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, ӛзгелерге 
қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен кӛрініс беретін оның ішкі әлемі. Адамның 
руханилығы жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеуінен, игілікті құндылықтарды 
кӛздеуінен де кӛрінеді. Адамгершілік қасиеттерді қастерлейтін адам белгілі бір рухани 
мұраттар мен құндылықтарды ұстанады. Олардың әрекеттерінен мейірімділік, ар сақтау
ұятқа қалмауға тырысу сезіліп тұрады. 
Руханият
адамға әдебиет, ӛнер, халық даналығы, 
салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді. Мәдениет әр түрлі құндылықтардың 
бірлігі ретінде адамды рухани бостандыққа жетектейді. Рухани құндылықтар ӛмірге мағына 
береді, болашаққа жол ашады. Руханиятты қадірлейтін қоғамның ғана болашағы бар.Рухани 
мәдениет адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты, қадірі, адамшылығы, 
ұяттылығы, тәрбиелігі, зиялылығы, қарапайымдылығы арқылы кӛрінеді. Адамның 
адамгершілік 
қасиеттерінің 
жоғарлығы- 
руханилықтың 
негізі. 
Ал ӛнер, әдебиет, ғылым мен білім адамға тәрбиелеу мен еңбектену арқасында келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет