Бағдарламасы (syllabus) жбб, ur 1201 Ұлттық руханият пәнінің



Pdf көрінісі
бет8/54
Дата29.09.2023
өлшемі1,18 Mb.
#111440
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
Байланысты:
2021-Силлабус-Руханият(все)-каз

Бекіту сҧрақтары: 
1.
Руханият дегенді қалай түсінесің? 
2.
Тарихи сананың қалыптастыру жолдары? 
3.
Құндылықа не жатады? 
4.
Рухани жаңғыру дегенді қалай түсінесің? 
5.
Дәстүр дегеніміз не? 
Әдебиеттер: 
1.
Н.Ә. Назарбаев. Ұлы даланың жеті қыры. Астана, -2018.
2.
Н.Ә.Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.- Астана.- 2017. 
3.
Н.Ә. Назарбаев. Тәуелсіздің дәуірі.-Астана, 2017.-508 б. 
4.
Қ.-Ж.Тоқаев. Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан// Егемен Қазақстан. 9 қаңтар, 2020 
ж. 
5.
С.Мұқанов. Халық мұрасы. -Алматы, 1974.-236 б. 
6.
А.Сейдімбек. Қазақ әлемі.-1997.-464 б. 
7.
К.Байпақов. Ұлы Жібек жолы.-Алматы, 2007.- 222 б. 
8.
Ұлы дала ұлағаттары. Астана.-2016. 
9.
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.Алматы, -2013.
10.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері.Алматы.-2004. 
11.
Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы. — Алматы, 
1995. 
12.
Жолдасбеков М. Асыл арналар. — Алматы, 1986. -40. 
13.
Нысанбек Тӛреқұл. Даланың дара ділмарлары. — Алматы, 2001. 
14.
Назарбаев Н. Тарих толқынында. -Алматы, 1999. 
15.
Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық 
кӛзқарас. -Алматы,2006. 
16.
Ш.Уалиханов. Таңдамалы.-Алматы, 1985.-560 б. 
17.
Б.Сулейменов. И.Алтынсарин. 3 томдық.-Алматы, 1975. 
 
Дәріс №2. 
Тақырыбы: Қазақ халқының этногенезі. 1-сағат 
Жоспары: 
1.
 
Қазақ халқының шығу тегінің тарихи аспектері 
2.
Шежіренің тарихи-этникалық негізі
 
3.
Ру-тайпалық бірлестіктер тарихы
 
Дәріс тезисі:
 
Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық 
құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен темір дәуірі кезеңдерінен басталады. Олар 
негізінен Қазақстанның жерін мекендеген тайпалардан құралған.
Этнос - жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше 
мәдениеті, мінез-құлқы бар, сол сияқты ӛзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық 
топтардан бӛлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті ӛз атымен (этноним) 
бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы 
да бірыңғай болуы тиіс. Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп 
жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Бегазы-
Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде ӛмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат) иран 
тілдес болғандығы айтылады. Бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық 


белгілері бар европоидтық нәсілдерге жатты. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, 
қаңлылар да кіреді. Қазақ халқының шығу тегі туралы аспектілерге лингвистикалық және 
антропологиялық мәселелер жатады.
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. Оған 
қарақалпақ, қарашай-балқар, башқұрт, қырым татары, қырғыз тілдері кіреді.
Ал антропологиялық тұрғыдан қарағанда - монголдық- монголдық-европалық.
Қазақ халқының этникалық қалыптасуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдыраған 
кезінен басталады. Этнос – тарихи жағдайда қалыптасқан тілі, салт-дәстүрі, тұрмысы ортақ, 
басқалардан бӛлектенген адамдар тобы. Кейбір жазба деректерде «қазақ» сӛзі ескі түрік 
тіліндегі «еркін адамдар» ұғымын білдіретінін айтады. Тағы бір деректерде сақ, хазар 
тайпаларының атынан шыққаны айтылады. 
Шежіре қазақ, түрікмен, қырғыз, моңғол және т.б. халықтар арасында ауызша 
сақталған. Бұл халықтардың кӛне тарихы жӛнінде айтылатын мағлұматтар ―шежіре‖, 
―тайра‖, ―тарих‖, ―сееджер‖ т.б. болып әр түрлі айтылғанымен ―сақтау‖ деген мағынаны, ал 
семит-араб тілдерінде ―ағаштың бұтағы‖ деген ұғымды білдіреді. Яғни, арабтар шежірені ата 
санаумен тікелей байланыстырса, түркілер кӛнені есте сақтау – тарихты айтумен, тарихпен 
бір деп түсіндіреді. Демек, шежіре біздің аталарымыз үшін тарих қызметін атқарған. 
Шежірешілдік кӛшпелі қоғам туғызған қажеттілік және кӛшпелілердің әдет-ғұрып, салт-
санасының негізінде туған. Ол халықтың этник. құрылымын анықтауға, тұтастығын 
кӛрсетуге мүмкіндік беретін тӛл тарихымыздың нұсқасы, ұлттық рухани мәдениеттің 
құрамдас бір бӛлігі. Ел арасында ӛткен ӛмір тарихын ӛте жақсы білген ―шежіре адамдар‖ 
болған. Олар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын, ай-
күн есептерін жақсы білген, кӛшпелілердің дүниетанымын жете түсінген, небір аңыз-әпсана, 
жырларды жадында сақтаған. Егер қазақ мәдениеті біртұтас дейтін болсақ, онда шежірені де 
осылай қарастыруымыз керек. Яғни, шежіренің ішінде аңыз бен шындық та, ертегі мен 
әпсана да, ӛнер мен ғылым да бар, ал дәстүрлі қазақ мәдениетінен осылардың біреуін жеке 
дара бӛліп алып қарастыру мүмкін емес. Этнос және қоғам, мемлекет есебінде қазақтар ӛз 
бастауын Алаша ханнан алады. Түркілердің қара шаңырағына ие болып қалған қазақ елі 
үшін де, ӛзге түркі-моңғол елдері үшін де Алаша ханға байланысты айтылатын шежірелердің 
орны бӛлек. 
Қазақ халқымен «жүз» ұғымы тығыз байланысты. Жүз ұғымының пайда болуы 
туралы түрлі пікірлер бар. Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне қоныстанды. 
Қазақ халқы мекендеп, тіршілік жасаған жерлерде үш түрлі шаруашылық аймақ пайда 
болды. Осыған байланысты осы аумақта мекендеген халықтар үш жүзге бӛлінді. «Жүз» 
дегеніміз-тайпалар одағының аумақтық ірі бірлестігі. Қазақ халқы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші 
жүзден тұрады. 
Ұлы жүзді Ақарыс деп атайды. Оның мекендеген жерлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу 
(Іле, Шу, Талас ӛзендері, Сырдарияның жоғарғы ағысы, Алатау баурайы). Ұлы жүз құрамы 
Дулат, Албан, Суан, Сары үйсін, Сырғалы, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы, 
Қаңлы, Жалайыр сияқты рулардан тұрады. 
Орта жүзді Бекарыс деп атаған. Оған: Арғын, Найман, Қыпшақ, Керей, Уақ, Қоңырат 
сияқты тайпалар енген. Бұл тайпалардың мекендеген ӛңірлері Орталық және Шығыс 
Қазақстан, Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл-Сарысу ӛзендерінің бойы, Алтай Тарбағатай таулары, 
Балқаш, Бетпақдалаға дейін созылып жатыр. 
Кіші жүзді Жанарыс деп атайды. Оның құрамына Табын, Адай, Шӛмекей, 
Жағалбайлы, Алшын, Шекті, Тӛртқара, Тама, Серкеш т.б. тайпалары жатады. Олардың 
мекендеген жері оңтүстігінде Сырдария және Каспий теңізінің жағалауы, солтүстігі Жайық, 
Ырғыз, Тобыл ӛзендерінің бойы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет