отыра алатын еді. Сӛйтіп Шыңғысхан ұрпақтары Қазақстанды 600 жыл бойы билеп-тӛстеп
келді. Қазақ қоғамының ең жоғары билеушісі үлкен ханмен қатар әр жүздің ӛз ханы болды,
кейде бір жүздің ӛзін екі немесе одан да кӛп билеуші басқарды. Атап айтқанда, патша үкіметі
әр жүздің ӛзінде бірнеше билеуші болғанын қалады. Соның ӛзінде ең осал билеушіге әдейі
қолдау кӛрсетумен келді. Ондағы кӛздеген қитұрқы мақсаты оларды ел басқара алмайды деп
кӛшпелі жұрттың кӛз алдында масқара ету болатын.
Қазақ қоғамында әлеуметтік билікке ие топ билер болды. Олар қазақтардың барынша
беделді бӛлігі еді. Билер ӛздерінің тапқырлығымен, қызыл тілге ағып тұрған шешендігімен,
дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтарын жете білетіндігімен ерекше кӛзге түсетін. Бұл топтың
ӛкілдері ру ақсақалдары мен қазыларының міндетін атқарды, руаралық және тайпааралық
даулы мәселелерді шешіп отырды. XVIII ғасырда қазақ даласында орасан зор беделге ие
болған билер: Ұлы жүзден шыққан үйсін Тӛле би, Орта жүзден шыққан Қаз
дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден шыққан айыр тілді алшын Әйтеке би еді. Бұлардың
сұлтандар мен хандарға ықпалы күшті болды. Соңғы кезде патшалық Ресей билерді ӛзі
тағайындауға кӛшті. Мұның ӛзі билердің дала тұғындары арасындағы беделін бірте-бірте
тӛмендете берді.
Қазақ даласына сыртқы жаулар жиі-жиі шабуыл жасап келді. Кіндік кесіп, кір жуған
қасиетті туған елдің, Қазақ хандығының шекарасын қорғау үшін халық жасақтары құрылды.
Ол жасақтардың жаумен шайқастарда ерекше кӛзге түскен қолбасылары, сондай-ақ
қатардағы қарапайым қазақтар да батыр деген атаққа ие болды. Жекпе-жекте жауын жеңіп
шыққан сарбаздарға да батыр атағы берілді. Кейінірек батыр деп руаралык күрес кезінде
кӛзге түскендерді де барымтаға қатысқандарды да, патшалық Ресейдің әкімшілік ӛктем
билігіне және Орта Азия хандықтарының зорлық-зомбылығына қарсы кӛтеріліске қол бастап
шыққандарды да атай беретін дәстүр қалыптасты.
Бұл атаққа әркім ӛзінің жеке басының ерлігімен ғана ие болатын. Батыр
атағы мұрагерлікпен берілмейтін.
Қазақстан жеріндегі алғашқы жүйелі діни наным -Заратуштралық. Оның негізін б.з.б.
II ғасырда (3500 жылдай бұрын) алғашқы діни-философиялық ағымды таратушы Заратуштра
(Зәрдүш) қалаған. Бұл діндегі жоғары құдай — Ахурамазда. Қасиетті кітабы — «Авеста».
Бұл дінді алғаш рет сол кездері Қазақстан жерін мекендеген тайпа арийлер қабылдаған.Ұлы
Жібек жолы арқылы қазақ жеріне христиан, будда, манихейлік діндер тараған.Ежелгі түркі
халқының діни нанымының негізі Тәңірге табыну. Тәңірді түркілер Кӛк деп білген. Кӛктен
кейінгі сыйынатын күш отбасы мен балалардың қорғаушысы Ұмай құдай-ана, яғни Бай ана
болып есептелген.VII-VIII ғасырлардан бастап қазақ жеріне арабтар арқылы жаңа дін ислам
діні ене бастаған. Азғана уақыттың ішінде ислам діні Қазақстанның кӛптеген жерлеріне
тарап үлгерді.
Достарыңызбен бөлісу: