Дәріс №5-6.
Тақырыбы: Қазақ халқының рухани мәдениеті.2-сағат
Жоспары:
1.
Рухани мәдениет туралы түсінік
2.
Қазақ халқының салт-дәстүр мен әдет-ғұрпы
3.
Наным-сенім мен ырым-жорамалары
4.
Қоғамның рухани жаңғыру қажеттілігі
Дәріс тезисі:
Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бӛлінеді. Біріншісі – рухани
мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет,
сәулет
ӛнері, сурет ӛнері, кескін ӛнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күн
кӛрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті
оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және ӛркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де
кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика
мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып,
мәселен, кӛптеген адамдар мәдениетті тек қана ӛнер туындылары құрайды деп ойлайды да,
оны ӛркениетпен
тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні
кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда
мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды. Бірақ
Шығыс ӛркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды ӛздерінің
менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті. "Мәдениет" деген ұғымның аясы ӛте
кең. Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының кӛптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы
мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті
кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бӛледі. Қолмен ұстап, кӛзбен кӛруге
болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, кӛзбен кӛруге
болмайтын,
тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани
мәдениет дейміз. Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ.
Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет
ӛнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет ӛнерінен халықтың
немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі кӛрінеді. Оның үстіне, сәулет ӛнері
ескерткішінен кӛрермен рухани ләззат алады.
Әр халықтың ұлттық танымын, кӛзқарасын, ӛзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін
білдіретін
наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-
дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда ӛте жарасымды
етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге ӛте бай. Ал салт-
дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.
Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып ӛтейін. Салт-дәстүр – ел ӛмірімен біте қайнасып
кеткен рухани және мәдени азық.
Біздің халқымыз ӛз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, ӛнегелі
әдет-ғұрыппен,
ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей
тәрбиелей білген. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік
қасиеттердің бәрі
салт-дәстүр арқылы дариды. Салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жӛн-
жосықты біліп, үйренуге және ӛмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті.
Халқымызда үйлену салтына, жаңа туған сәбиге байланысты, қонақ күту мәдениеті
туралы маңызы мен мәнін әлі күнге жоймаы келе жатқан салт-дәстүрлер ӛте кӛп. Кейбірі
заман талабына сай ӛзгерістерге
ұшыраған болса, кейбірі еш ӛзгеріссіз бүгінгі ұрпағына
жетіп, ұлтымыздың тарапынан қолданысқа ие болып отыр. Тыйым деген – белгілі бір
жағдайда ғана жасалуы тиісті әрекеттер, әдеттер. Оның
қолданыстан шығып қалғаны
болмайды.
Күнделікті тұрмыста, жайшылық кезде атқаруға тыйым салынатын дүниелер. Ырым-
тыйымдарды халқымыздың ұлттық болмысынан бӛле-жара қарауға болмайды. Қазақ
халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым-тыйымдар тізбегі халықтың ӛмірінде,
салт-дәстүрінде, әдет-ғұрпында, тұрмыс-тіршілігінде кеңінен кӛрініс береді. Ырым мен