Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет147/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

 
Ұлттың 
интеллектуалдық 
әлеуетін 
қалыптастырудағы 
«дарындылық» феномені 
«Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік бағдарламасында: «Ұлттың 
интеллектуалдық капиталы болып табылатындар: 
- әрбір жеке тұлғаның зияткерлік, моральдық, мәдени дамуы, кәсіби білімі 
мен біліктілігі; 
- жеке тұлғаның оң психологиялық, моральдық ерекшеліктері, ұлттық 
дәстүрлері; 
- жоғары кәсіби іскерлік, білімділік, тәрбиелік, патриотизм, азаматтық 
белсенділік, үлкен жауапкершілік, ержүректілік, әділдік, еңбексүйгіштік; 
- әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуы» деп 
көрсеткендей, бүкіләлемдік қоғамдастық аясында өзара байланыс орнату, 
тәжірибе алмасу, өндірісті жандандыру (өмірдің барлық саласында) ерекше 
қарқындылықпен жүзеге асырылуда. Бұл мақсатта мемлекеттің ойлау қабілеті 
жоғары мәселені қойып, оны шешудің тың жолын ұсына алатын адамдарға 
сұранысы артып отыр. Мұндай қасиеттер әдетте ерекше қабілетті, дарынды 
адамдарда болатыны белгілі.
 
Осыған байланысты, барлық әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-
педагогикалық міндеттерінің бірі – дарынды балалар мен жастардың өзіндік 
ұлттық интеллектуалдық әлеуетті мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға қолайлы 
жағдай туғызу. 
«Дарындылық» феноменін зерттеуге деген қызығушылық терең ғасырлар 
қойнауында (б.з.д. V ғасыр) жатыр, бұл «ерекше қабілеттерді қоғамдық және 
ғылыми танымның объектісі ретінде қараудың» дәлелі болмақ. 
Дарындылықтың құрылымын ұсынғандардың ішінен ең маңыздысы 
болып, белгілі американдық ғалым Дж.Рензуллидің үш шеңберлі моделін 
атауға болады. Бұл тұжырымдамада дарындылық үш бөлігінің бір-біріне тығыз 
қарым-қатынасы арқылы құралатыны айтылады (62-сурет).


192
Сурет-62. Дж.Рензуллидің үш шеңберлі моделі 
 
Дж.Рензуллидің көзқарасының маңызды жағы дарындылықты табиғи 
құбылыс деп түсіндіре келе, «дарындылық» ұғымының «әлеует» (потенциал – 
латын сөзі porentia – күш, бір нәрсеге қабілеттілік) ұғымына алмастырады. 
Оның моделі әмбебап секілді дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу 
процесінде ғана емес, барлық балаларға да қолдануға болатыны анықталды. 
Осы тұжырымдама әртүрлі бағдарлама жасауға негіз болған. 
Дарынды балаларды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасында
1996 жылдан бастап, дарынды балаларға арналған Дарын мектептері ашылды.
Дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін жүзеге асыру үшін жас 
таланттарды табу мен қолдауға мемлекеттік «Дарын» бағдарламасы бекітілген.
Бұл бағдарламаның мақсаттары төмендегідей негізде көрсетілген: 

дарынды балалар мен жастарды іздеу (анықтау), тәрбиелеу және 
оқытудың негізгі стратегияларын айқындау; 

Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін біртекті үздіксіз 
құру, қалыптастыру және дамыту процестерінің біртұтастығы; 

талантты жастардың қоғамдық-мәдени тұрғыда қалыптасуына ықпал 
жасау. 
Заманауи ғылыми білім-білікке ие және еліміздің инновациялық дамуына 
үлесін қоса алатын, интеллектуалды тұлға дайындауда дарынды балаларға 
әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін, Қазақстан 
Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске 
асыру, еліміздегі адами капиталдың дамуына қосылған елеулі үлес болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет