Сурет-64. Креативтіліктің жеке ерекшеліктері
Креативтіліктің жеке ерекшеліктері:
-
ойдың ұшқырлығы:
көптеген идеяларды ойлап табуға қабілеттілігін
бейнелеуі;
-
икемділігі:
жағдаяттарға байланысты әртүрлі идеяларды ұсына білуі;
-
ерекшелігі:
инновациялық идеяларды ұсына білуі;
-
өңдей білуі:
фигуралы сұрақтарды бағалау үшін, идеяларды нақты
дәлелдей білуі.
Сонымен, әр балаға дарынды баланың жеке картасы ашылып, мұнда
психологиялық диагностиканың тереңдетілген қорытындылары жазылып
отыруы, бұл арқылы баланың болашақтағы даму бағдарының анықталуы қажет
деп есептейміз.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардағы педагогикалық
іс-әрекеттің қағидалары мен заңдылықтары
Әрбір
педагог
балаларды
өмірге
дайындаудағы,
жүргізілетін
жұмыстардағы педагогикалық іс-әрекетінде өзінің негізгі функциясын нақты
сезінетін, жаңашыл іс-әрекеттерді игеріп, оны жүзеге асыра алатын маман
болуы қажет.
Осы тұрғыда, қабілетті балаларды анықтау және олармен жұмыс жүргізу
әрбір педагогтың міндеті.
Ойдың ұшқырлығы
Икемділігі
Ерекшелігі
Өңдей білуі
197
Соған сәйкес, дарындылықты анықтауға негіз болатын дарынды
балалардың төмендегідей 3 категориясын бөліп көрсетуге болады:
ақыл-ой дамуының ерекше жоғары деңгейіне ие балалар (мұндай
балалар көбінесе мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасында кездеседі);
арнайы ақыл-ой дарындылығының белгілеріне ие балалар – ғылымның
белгілі бір саласындағы дарындылық (мұндай балалар жеткіншектік жаста
анықталады);
белгілі бір себептерге байланысты оқу іс-әрекетінде ешқандай
табыстарға қол жеткізбеген, алайда танымдық белсенділігімен, психикалық
жүйесінің біртумалылығымен және ақыл-ой қорының бірегейлілігімен
ерекшеленетін балалар (мұндай балалардың мүмкіншіліктері көбінесе, жоғарғы
сыныпта көрініс береді).
Атақты
американ
педагогі
Л.Холлингуорт
педагогтар
мен
ата-аналарға дарынды балалардың төмендегідей кейбір ерекшеліктеріне мән
беруді ұсынады:
Мектепті жақтырмау:
мұндай қатынас көбінесе оқу бағдарламасының
қызықсыз, зеріктіргіш болуынан туындайды.
Ойындағы қызығулар:
дарынды балаларға күрделі ойындар ұнайды,
сондықтан
орташа
қабілетке
ие
достарының
ойындары
оларды
қызықтырмайды.
Конформдылық:
дарынды
балалар
стандартты
талаптарды
қабылдамайды және конформизмге әуес болмайды, әсіресе сол стандарттар
олардың қызығуларына қарама-қайшы немесе мағынасыз болатын болса.
Философиялық мәселелерге шому:
дарынды балалар өлім, өлімнен
кейінгі өмір, діни сенімдер тәрізді құбылыстар туралы ойланады.
Физикалық, интеллектуалдық және әлеуметтік дамудың сәйкес
болмауы:
дарынды балалар көбінесе өздерінен жасы үлкен балалармен
қарым-қатынас жасағанды ұнатады, соның салдарынан оларға көшбасшы болу
қиынға соғады.
Дарынды
балалармен
жүргізілетін
жұмыстардағы
педагогикалық
іс-әрекетте, мектепке бейімделу кезеңінде пайда болатын мәселелерді де
ескерген жөн.
Дарынды
балалармен
жүргізілетін
жұмыстардың
талаптары,
педагогикалық қағидалары 65-суретте ашылды.
Қазіргі кездегі балалармен жүргізілетін жұмыстардағы педагогикалық
іс-әрекетте В.Григорьевский мен Н.Буторина дарынды балалармен жұмыс
жасауға арналған төмендегідей іс-шаралар кешенін ұсынады.
Бұл кешен үш кезеңнен тұрады:
ата-аналар, педагогтардың топтық тестілеу және әлеуметтік топтық
парақтардың көмегімен қабілетті балаларды анықтауы;
әуестіліктері мен қызығуларын ескере отырып, психологиялық
тестілеудің көмегімен балаларды диагностикалауы;
балалардың қабілеттіліктерін дамыту және тереңдетуге бағытталған
арнайы бағдарламалар бойынша педагогтың жүргізетін жұмысы.
198
Достарыңызбен бөлісу: |