199
Педагогтың дарынды балалармен жұмыс жүргізу мақсаты –
жан-жақты
білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау,
барынша қабілетті баланы қалыптастыру; бала дарынының ашылуын өз
қабілетіне сәйкестендіре дамыту, жетілдіру, дарынды балалармен жүйелі
жұмысты ұйымдастыру.
Педагогтың дарынды балалармен жұмыс жүргізу міндеттері:
-
балалардың ақыл-ой қабілеттерін жетілдіру;
-
балалардың шығармашылық жеке дарындылығын дамыту;
-
дарынды баланың шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына,
қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.
Жұмыс жоспары төмендегідей жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді:
1. Ерекше қабілетті балаларды анықтау.
2. Бала қабілеттілігінің бағытын анықтау.
3. Ой-өрісін дамыта түсу үшін жұмыс жүйесін құру.
4. Дарынды балалармен жекелеген жұмыстар жүргізу.
Сынып жетекшісі әр балаға арналған дарындылықты дамыту
бағдарламасын да жасайды. Онда баланың ерекше көзге түсетін қабілеттері
сипатталады, олардың дамуына қажет болатын жағдайлар, дамытушы
іс-әрекетті ұйымдастырудың тиімді формалары қарастырылып, іске асырылады.
Сынып жетекшісінің дарынды балалармен оқудан тыс жеке жұмыс жүргізу
бағдарламасы төменде көрсетілген үлгімен жасалуы мүмкін (15-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: