Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі бағыттары



Pdf көрінісі
бет176/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі бағыттары
 
Тәрбиеленушілердің кәсіптік бағдар жүйесі – бұл жалпы қоғамдағы
тәрбиеленушілердің өмірге бейімделуінің (өзін тануы) әлеуметтік және кәсіптік 
процесін дамытуға бағытталған, әртүрлі мемлекеттің және қоғамдық 


229
бірлестіктердің, мекемелердің, мектептердің, сонымен қатар отбасының 
ұйымдасқан, басқару іс-әрекеті.
 
Кәсіптік бағдар жұмысының мақсаты – тәрбиеленушілерді өзінің жеке 
қызығушылығын және қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын мамандықты 
таңдауға даярлау. 
 
Мектептің, оқу-өндірістік комбинатының кәсіптік бағдар жүйесінің 
бағыттары 75-суретте ашылды.
Сурет-75. Кәсіптік бағдар жүйесінің бағыттары
 
Кәсіптік бағдар жүйесінің бағыттары: 
1) 
Кәсіптік ағарту, 
оның ішіне кәсіптік ақпарат, кәсіптік бейімдеу кіреді. 
Тәрбиеленушілерді қазіргі кезеңдегі қоғамға қажетті мамандықтармен, олардың 
практикалық мүмкіндіктерімен таныстыру.
 
2) Тәрбиеленушінің мамандыққа мүмкіндігін және қызығушылығын 
анықтау үшін бағыттың 
кәсіптік диагностикасын
қолданады. Бұл мақсатты 
орындау үшін сауалнамалық, тесттік әдістер қолданылады.
 
3) Тәжірибелі мамандардың мамандық таңдауда беретін 
кәсіптік көмегі

Кәсіптік кеңесте
барлық тәрбиеленушілер мен ата-аналар қамтылуы тиіс.
 
4) 
Кәсіптік іріктеу
мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттарда, ресурстық 
орталықтарда жүргізіледі. Бұл жерде таңдаушы алдына мақсат қойылады, яғни 
ол таңдаған мамандығының еңбек қиыншылықтарына қарамай, оны меңгеруі 
керек.
 
5) 
Әлеуметтік-
кәсіптік 
бейімделу
оқу 
шеберханаларында, 
тәрбиеленушілердің еңбек бірлестіктерінде және т.б. жүзеге асады. Әлеуметтік-
кәсіптік бейімделу процесі кең сатыда жоғарғы сыныптағы тәрбиеленушілердің 
базалық кәсіпорындағы өндірістік практикасы болып табылады.
 
6) 
Кәсіптік тәрбиелеуде 
тәрбиеленушілер бойында таңдаған кәсібіне 
борыштық сезімін, жауаптылықты, кәсіптік құрметті қалыптастыруды мақсат 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет