232
сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген
жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.
12 жылдық оқытудағы басты мақсат:
- қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;
- өзін-өзі дамытуға;
- өз ойын еркін айта білуге;
- өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;
- жоғары білімді, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық мектепте білім берудің негізгі үш міндеті 76-суретте ашылды.
Сурет-76. 12 жылдық мектепте білім берудің міндеттері
Білім беруді жаңарту процесі салт-дәстүр, мәдени мұра, жалпы ұлттық
құндылықтарды сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан
да, 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін
әр
педагогтың, әр ата-ананың саналы түрде түсінуі, қабылдауы мен оған
белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруі асқан ұқыптылық пен
сезімталдықты қажет ететін процесс.
12 жылдық білім берудің басты бағдары –
білім беру, жаңа дүниені ашу
мен іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану; тәрбиеленушінің жалпы және
арнайы қабілеттерін дамыту; білім, біліктерді игеру мүмкіндіктерімен
оларды
қолдану жолдарын көрсетеді.
Кәсіптік бағдар беру еңбекке жарамдылығын байқау жұмысының алғашқы
басқышы – отбасы тәлім-тәрбиесінен басталып, іргетасы іспеттес қаланады,
келесі кезекте, болашақ
өміріне ықпалы мол білімі, іскерлігі, дағдысы мен
дамуына
ұласатын қабілеттерін байқатып, шығармашылыққа жеткізетін –
мектеп, мектептен тыс мекеме, кәсіпорын және түрлі бағыттардағы
шаруашылықтармен ұштасып жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: