230
Кәсіптік бағдар беру – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасарының,
сынып
жетекшісінің,
мектеп
психологының,
пән мұғалімдерінің бірлескен іс-әрекеті
Көрнекті педагог А.С.Макаренко тәрбиенің кейбір күрделі мәселелерін
педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарында «үш күш
одағы» – мектеп, отбасы, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп –
тәрбиеленушілерге кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және
үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын директордың
тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасары, сынып жетекшісі, мектеп психологы,
пән мұғалімдері, яғни бүкіл педагогикалық ұжым ұйымдастырады.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының негізгі қызметі:
1) кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық кеңес материалдарын
жинақтау;
2) әртүрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру және тәрбиеленушілерге
психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау
бойынша мұғалімдер және
сынып жетекшілері үшін ақыл-кеңес беру;
3) мамандық жайында тәрбиеленушілермен, кәсіпорын өкілдерімен
кездесу, дөңгелек үстел ұйымдастыру;
4) кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытындылау.
Ал, сынып жетекшісі барлық кәсіптік бағдар беру жұмысын басқарады.
Тәрбиеленушілерді белгілі мамандықты таңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі
кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы
жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты
ұйымдастыру, кәсіптік
ақыл-кеңес беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді
жұмысқа орналастыру және т.б.
Кітапхана меңгерушісі еңбек тәрбиесі, кәсіби білім беру және мамандық
таңдау мәселелеріне арналған көрнекті педагогтар мен психологтардың
еңбектерін,
еңбек жайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа орналастыру
жайындағы әдебиеттерді, жоғары және арнайы орта оқу орындарына және т.б.
түсу туралы анықтамалықтарды күні бұрын іріктеп алуы тиіс. Осылардың бәрі
мектеп бітірушілер үшін қажетті ғылыми еңбектер және құжаттар болып
есептеледі.
Мектепте кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары:
-
мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін кәсіптік
бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, жаңа
әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, тәрбиеленушілер
алдында шолу
жасау;
-
мамандық жөніндегі кітап, мақалалардың тақырыптық көрмесін
ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографиялық тізімдерін жасау;
-
әртүрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты тәрбиеленушілер
үшін
оқырмандар
конференциясы,
пікірталас,
тақырыптық
кештер
ұйымдастыру және т.б.
Кітапхана жұмысын осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін
жетілдіруге мүмкіндік жасайды.
231
Сонымен қатар, әрбір ата-ана кәсіптік бағдар
беру жұмысын өздерінің
мамандықтарымен таныстырудан бастауы керек. Өздері жұмыс істейтін
кәсіпорындағы еңбектің мазмұны және тетіктерімен, өндірістің принципі және
технологиялық процестерімен таныстырады.
Өскелең ұрпақтың кәсіптік бағдары мәні жағынан тек қана педагогикалық
проблема болып қоймайды. Оны қоғамдық
проблема десе де болады, оны шешу
үшін тек қана педагогтардың көмегі ғана емес, мектептің, мектепаралық оқу-
өндірістік комбинаты, кәсіптік техникалық мектеп, кәсіптік техникалық лицей,
кәсіпорын,
бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік еңбекпен қамту
қызметінің және т.б. бірлескен іс-әрекеті қажет.
Мектептің кәсіптік бағдар беру бөлмесінде пән мұғалімдері үшін
төмендегідей материалдардың болғаны қажет:
тәрбиеленушілерге кәсіптік бағдар берудің міндеттері мен бағыттарын
белгілейтін қаулылар;
кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша халық ағарту органдарының
нұсқаулары;
республика,
облыс,
қалада
өткізілетін
ғылыми-тәжірибелік
конференция, семинар, кеңестердің материалдары;
мектеп жоспарындағы кәсіптік бағдар беру жұмыстары;
сынып жетекшісі,
тәрбиеші, әдістемелік бірлестіктер жетекшілерінің
жұмыс жоспарларының үлгілері;
әр жастағы тәрбиеленушілермен өткізілетін сынып сағаттарына бағдар
беретін әңгіме, дәрістер мәтіні;
мектеп пен базалық бірлестіктің кәсіптік бағдар беру үшін біріктіріліп
жасалған жұмыс жоспары;
«Мамандықты қорғау», «Ең жақсы мамандық» атты байқау, диспуттар
өткізудің сценарийі, мамандық таңдауға арналған кештер, көгілдір алау;
әр жастағы тәрбиеленушілер үшін сауалнама үлгілері;
кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әдістемелік әдебиеттер.
Достарыңызбен бөлісу: