256
уақыттарында отбасы мүшелері өздері қолдан жасаған бұйымдарын және т.б.
заттарын көрсететін «Менің отбасым» «Менің отбасымның жетістіктері»
және т.б. тақырыптағы іс-шаралар өткізеді.
Педагогтардың ата-аналармен жұмыстарының жүйесі,
оларды мектепке
тартуды көздейді. Ата-аналар заңды түрде мектеп ұжымына кірмейді, бірақ
олар мектеп жұмыстарын орнымен ұйымдастыруға педагогтармен бірдей
атсалысады. Олар мектепке әлеуметтік тапсырыс берушілер, сондықтан олар
мектеп өміріне белсене араласуы тиіс. Өздері ассоциация құра отырып, өзін-өзі
басқару органдарын құра алады және мектептің
кейбір мәселелерін өз
беттерінше шеше алады. Олар мектептің ата-аналар жиналысы, ата-аналар
комитеті және оның комиссиясы, секциялар және т.б. жұмысшы органдар
болуы мүмкін. Сонымен бірге ата-аналар мектеп кеңесінің толық құқылы
мүшесі де бола алады.
Ата-аналармен ынтымақтастық формалары
Бала тәрбиесінің өзегі – отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ – бала үшін
өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана – баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі.
Баланың
болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген
еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің
баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде
отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар
құқығы туралы Конвенция», Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы,
Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы» Заңы және т.б.
құжаттар дәлел бола алады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-
бабында: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында
болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу –
ата-ананың
етене құқығы әрі міндеті», – делінген. Бұл жолдар әр баланың білім алуына
мемлекеттің басты назар аударатынын және ол отбасының парызы екенін
айғақтай түседі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңының 49-шы бабында ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер «баланың
тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымын
таңдауға, ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару
органдарының жұмысына қатысуға, білім беру
ұйымдарынан өз балаларының
үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға, өз
балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері жөнінде психологиялық-
педагогикалық консультациялық көмек алуға құқығы бар» және олар
«балаларға өмірі мен оқуы үшін саламатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға,
олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуға, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде
білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге, балалардың оқу орнындағы сабаққа
баруын қамтамасыз етуге міндетті» – деп жазылып,
жас ұрпаққа тәрбие, білім
беру процесінде қатысушы субъект ретінде ата-аналарға үлкен жауапкершілік
жүктеген.
Қазіргі кездегі жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі,
адамзаттың басына төніп тұрған әртүрлі дерттің қанат жаюы, бүкіл
әлемді алаңдатып отыр. Баланың негізгі тәрбиешісі – өзінің туып-өскен ортасы,
257
ата-анасы. Баланың дұрыс азамат болып өсуі немесе өспеуі көбінесе үлкендерге
байланысты. «Баланы-жастан…» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі,
есейіп кеткен соң,
баласының теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын
өзгерту өте қиын. Жасөспірімдердің білім алуында, тәрбиесінің дұрыс
қалыптасуында мектеп пен отбасының тығыз ынтымақтастық қарым-қатынаста
болуы қажетті жағдай болып табылады.
Ынтымақтастық – қазіргі адамзаттың өзара түсінісуін, ортақ мәселелерді
біріккен әрекеттермен шешуге ұмтылуын, бейбітшілікті
қамтамасыз етуінің
негізгі формасы болып табылады. Ынтымақтастық педагогикасы – баланың
дамуында гуманизм принциптері мен шығармашылық тұғырға сүйенген,
тәрбиелеу мен оқытудың әдістері мен тәсілдерінің өзіндік жүйесін көрсететін,
XX ғасырдың екінші жартысындағы отандық педагогикадағы бағыт.
Ынтымақтастық педагогикасының негізгі идеялары:
-
баланы жақын даму аймағында оқыту;
-
зорлықсыз оқыту;
-
тірек, сызба түрінде орналасқан белгілер және кілтті сөздердің
жиынтығы;
-
озу және күрделі блоктар идеясы;
-
таңдау еркіндігі;
-
диалогтық, креативті;
-
тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен қызметі;
-
бос уақыттағы еріктілік.
Ынтымақтастық қарым-қатынас жүйе ретінде көп аспектілі, бірақ онда
маңызды орынды «тәрбиеші-тәрбиеленуші» қарым-қатынасы алады.
Бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығы дегеніміз – жеке
тұлғаны тәрбиелеу мақсатында үйлестірілген
тәрбиелік іс-шаралардың бір
жүйеге
бірігуі.
Оқушыларды
тәрбиелеуде
мектеп
пен
отбасы
ынтымақтастығының жоғары өлшемді болуына сынып жетекшісі, педагог-
психолог, әлеуметтік-педагогтың орны ерекше. Сонымен қатар, мектеп
оқушыларын тәрбиелеуде пән мұғалімдерінің де алатын орны зор. Пән
мұғалімдері оқушылардың пәнге деген ынта-ықыласына байланысты дара
ерекшеліктерін, танымдық қызығушылықтарын ашады.
Достарыңызбен бөлісу: