258
белгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді.
Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының
оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары балалар және ата-аналар
комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.
Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың
тәрбиелік мәні зор. Мұндай жиналыстардың мақсаты –
ата-аналарды
психологиялық-педагогикалық
білім
және
тәжірибе
жаңалықтарымен
таныстыру, ой қорыту.
Ата-аналар қауымының тұрақты органы – ата-аналар комитеті. Ол мектеп
ұжымымен бірге, оқу-тәрбие және жұртшылық көмегін пайдалана отырып, оқу-
тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды,
оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады. Ата-аналар
комитеті айналысатын басты мәселелерге мектеп және сыныптар бойынша ата-
аналар жиналыстары,
конференциялар, семинарлар өткізуге көмектесу;
үлгермейтін және қиын балаларды назарда ұстау, сынып жетекшілеріне
көмектесу; үйірме
жұмыстарын басқару; балалардың жазғы демалысын
ұйымдастыру; экскурсия, жорықтарды ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін
жөндеу және т.б. жұмыстар жатады.
Ата-аналар комитеті мүшелерінен және
ата-аналар белсенділерінен
комиссия құрылып, мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалық ұжым
мүшелерімен одақтасып бірге басқарады (оқу-тәрбие жұмысы; педагогикалық
насихат; қоғамдық пайдалы еңбек; мәдени көпшілік жұмысы және т.б.).
Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар
комитеті (жалпы
мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және
конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті
– ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол
жалпы мектептік немесе сыныптық жиналыстарда сайланады. Ол 5-6 адамнан
(өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын төрағадан және 4-5 мүшесінен) тұрады.
Керек
болған жағдайда, ата-аналар комитетінің жанында кеңестер,
комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Дұрыс қызмет ететін ата-аналар комитеті – сынып жетекшісінің оң қолы.
Сыныптағы ата-аналар жиналысына дайындалу және өткізудің әртүрлі
тиімді әдіс-тәсілдері бар.
Осы әдіс-тәсілдер арқылы сынып жетекшілері:
а) ата-аналардың мәдениеттілігін қалыптастыруға;
ә) психология мен педагогиканың түрлі проблемаларына қызығушылығын
арттыруға;
б) бала тәрбиелеу барысында түрлі жағдаяттарда шешім жолдарын таба
алуға көмектеседі.
Сыныптағы ата-аналар жиналысының басты мақсаты – бүкіл сынып
ата-аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың
зор нәтижелі формасы
және сынып жетекшісінің ата-аналар жүрегіне жол табу әдісі болып есептеледі.
Сынып жетекшісінің
ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарының бағыты –
жалпымектептік ата-аналар комитеті, сыныптар бойынша ата-аналар комитеті,
«Әкелер» мектебі, «Аналар» мектебі, Ата-аналар университеті (88-сурет).