Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сурет-88. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін



Pdf көрінісі
бет200/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

 
Сурет-88. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін 
жұмыстарының бағыты 
 
Ата-аналар жиналысы – мектеп өміріндегі қажетті атрибуттардың бірі. 
Оны қызықты және тиімді өткізу әсіресе, енді жұмыс бастаған жас сынып 
жетекшісіне ең пайдалы кеңес болары сөзсіз.
 
1. Ата-аналар жиналысын өткізу үшін, барынша ыңғайлы күнді және 
уақытты 
таңдаған 
жөн. 
Осы 
уақытқа 
сіздердің 
балаларыңыздың
ата-аналарының да ешқандай істері жоспарланбауы тиіс.
 
2. Ата-аналарды жиналысқа шақырудың тиімді әдістерінің бірі – шақыру 
қағаздарын даярлау. Шақыру қағаздарын түрліше безендіруге болады. Мәселен,
типографиядан шыққан үлгілі-нұсқауды (балалардың өз қолымен жасалған 
нұсқасы немесе ата-аналар комитетінің көмегімен). Ең бастысы, бұл шақыру 
қағаздары ата-ана қолына жиналысқа 2 сағат қалғанда емес, алдын ала 
жеткізілуі тиіс. Шақыру қағаздарына жиналыстың нақты тақырыбы, күн 
тәртібіне қойылған мәселелер, байланысу үшін сынып жетекшісінің, сынып 
ата-аналар комитеті төрағасының (төрайымы) телефон нөмірі жазылғаны жөн. 
Шақыру қағаздары сынып қорында жиналып, кез келген мейрам, әсіресе оқу 
жылының аяқталуы немесе мектеппен қоштасу кештерінің көркі болуы мүмкін.
 
3. 
Сынып 
ата-аналар 
жиналысына 
«Сіздердің 
балаларыңызды
қызықтыратын маңызды проблеманы таңдаңыз және ата-аналармен бірге 
шешімін таба білуге әрекеттеніңіз» сияқты мәселелерді шешу үшін
«Сіз не дейсіз?» педагогикалық ток-шоуын өткізуге болады.
 
Жалпы мектептік
ата-аналар комитеті
Сыныптар бойынша 
ата-аналар комитеті
Ата-аналар
университеті
«Аналар»
мектебі
«Әкелер»
мектебі


260
Демек, сынып жиналысын ұйымдастыруда оның проблемалық тақырыбын 
айқындап алудың маңызы зор. Мысалы, «Балаларды тәрбиелеуге қиындықпен 
бетпе-бет келу көмектеседі ме, әлде, одан жалтару көмектеседі ме?» деген 
тақырыпты таңдап алған соң, оны өткізуге дайындық ретінде ата-аналармен 
алдын-ала сұрақ-жауап өткізуге болады. 
Ол сұрақтар төмендегідей үлгіде болуы мүмкін: 
1) Сіздің мінезіңізді, ерік-күшіңізді өміріңізде кездескен қандай 
қиындықтар шынықтырады деп ойлайсыз?
 
2) Балаңыздың қиындыққа тап болған кездегі (сөз, іс-әрекет, сезім мен 
көңіл-күй) ахуалын еске түсіріп, сипаттап беріңіз?
 
3) Сіздің балаңыз қиындықтардың қандайын жеңе алмай, қандайына 
шамасы жетеді?
 
Осы мазмұндағы сұрақтар ата-ананың ойын жинақтап, тәрбие мәселесіне 
терең мән беруіне көмектеседі.
 
4. Әсіресе сыныпта ата-аналардың отыру қалпына мән беріңіз.
Ата-аналар жиналысына қатысушылардың бір-бірін жақсы көре алуы және 
естуі үшін үстел мен орындықтарды дөңгелек түрінде орналастыру керек.
 
5. 
Ата-аналар бірін-бірі жеткілікті жақсы танымаған жағдайда,
ата-аналардың аты-жөні жазылған визиткаларды дайындаған жөн.
 
6. Ата-аналар мен жиналысқа қатысушыларға арналған ережені ойлап 
табыңыз. Мысалы:
 
- міндетті түрде сыртқы киімді шешу;
 
- проблемаларды талқылау барысында үндемей отыруға болмайды;
 
- ұсыныс, пікірлерге қарсы шыққанда өз ұсыныстарын енгізу;
 
- бір-бірін аты-жөнімен атау және т.б.
 
7. Жиналысқа шақырылғандардың уақытын бағалай біліңіз.
 
Осы мақсатпен уақыт тәртібін орнатып және оның қатаң сақталуын 
қадағалаңыз.
 
8. Жиналыс барысында ата-аналардың өзара қарым-қатынаста болуы үшін 
ойындар, әңгіме, пікіралмасу ұйымдастырыңыз.
 
9. Жиналысты еркін және ашық түрде өткізуде ата-аналарға кофе-брейк 
ұйымдастыру да тиімді.
 
10. Проблемалық мәселелерді талқылау барысында педагогикалық және 
өмірлік тәжірибеге ие, ең беделді ата-аналар мен мектеп кеңесі мүшелерінің 
пікіріне сүйеніп, оны басшылыққа алыңыз. Жиналыста нақты шешім 
қабылдауға қол жеткізіңіз. 
 
Осы пайдалы кеңестерді ата-аналармен ынтымақтастықта дұрыс қолданып 
пайдалану, жас ұрпақты үйлесімді етіп тәрбиелеудің негізі болмақ.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет