44
екенін анықтап, жүзеге асырады. Жүйенің мағынасы мен маңызы –
тәрбиеленушілердің қажеттілігін жүзеге асыру
және әрқайсысының тұлғалық
дамуына ықпал ету арқылы ұжым ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету. Соның
ішінде сынып жетекшісінің
көзқарасы, құндылық бағдары, қызығушылығы,
ұстанымы, әуестігі
тәрбие жүйесінің негізгі құраушы факторы болып
табылады. Ал сыныптағы тәрбиеленушілер бір
жағынан өз дамуының толық
құқылы иесі, екінші жағынан әдейі бағытталған және бірлескен іс-әрекет,
қарым-қатынастың еріксіз ықпалының нысаны.
2. Құндылық-бағдарлы компонент:
тәрбие жүйесінің маңыздылығы;
мақсат, міндеттердің бірлігі;
сыныптың ұжым ретінде әрекетінің болашаққа бағытталуы;
сыныптың тәрбиелік жүйесін құрудың және іске асырудың негізгі
қағидасы.
3.
Іс-әрекеттік компонент:
сыныптағы тәрбиеленушілердің біріккен іс-әрекетін, қарым-қатынасын
ұйымдастыру әдістері мен түрлері;
тәрбие жүйесінің атқаратын негізгі міндеттері;
сыныптың күнделікті тіршілігін, өз бетімен әрекет етуін
педагогикалық жағынан қолдау, қамтамасыз ету.
Бұл компоненттің негізін сыныптағы тәрбиеленушілермен біріккен
іс-әрекет, іс-шара құрайды.
4. Уақыт-кеңістіктік компонент:
сыныптағы тәрбиеленушілердің тіршілік-әрекетіндегі, күнделікті
дамуындағы
адамгершілік-рухани,
сезімдік-психологиялық,
заттық-
материалдық ортасы, жағдайы;
сыныптың басқа сыныптармен, ортамен байланысы, қарым-қатынасы.
Сыныптағы кейбір тәрбиеленушілер өздерінен ересек не жасы кіші балалармен
қарым-қатынас жасайды. Ал кейбіреуі тіпті, өзімен бірге оқитын
сыныптастарымен тіл табыса алмай жатады;
сыныптың жалпы мектепішілік тәрбие кеңістігіндегі орны. Кейбір
нақты іс-шараны өткізуді тапсырғанда, сыныптың деңгейіне өз бетінше
әрекет ете алу қабілетін ескерген жөн;
сыныптың тәрбиелік жүйесінің даму кезеңдері.
Тәрбие жүйесінің ішкі байланысы мен қарым-қатынасы шектелген, жабық
жүйе болмауы керек. Сыныптың жетекшісі тәрбие жұмысын өз сыныбындағы
оқушылардың басқа да сыныптағы оқушылармен
өзара қарым-қатынасын
қалыптастырып, оның нығаюына бағыттауы тиіс.
5. Нәтижелік-диагностикалық компонент:
тәрбие жүйесі нәтижесінің (әсерінің) көрсеткіштері;
тәрбие жүйесі нәтижесін анықтаудың әдістері мен тәсілдері.
Сыныптың тәрбиелік жүйесін айқындайтын компоненттер 16-суретте
ашылды.