40
Екінші кезең –
жүйенің жасалуы, ұжымдық
іс-әрекеттің мазмұны мен
жүйесінің құрылымын жасау. Бұл кезеңде мектеп ұжымының, өзін-өзі басқару
және қатар басқарудың дамуы болады, іс-әрекеттің алдыңғы қатарлы түрлері,
жүйенің жүзеге асуының
басым бағыттары анықталады, ең тиімді
педагогикалық технологияларын пайдаланады.
Үшінші кезең –
жүйенің
ақырғы рәсімделуі, жүйені лайықты тәртіпке
келтіру, жаңалықтарды ендіру. Бұл кезеңде мектеп ұжымы –
ортақ мақсатпен,
әрекетпен, ынтымақтастық, шығармашылық
қатынастарымен біріккен
жасөспірімдер мен ересектердің достығы.
Төртінші кезең –
тәрбие жүйесінің жаңа мазмұнда қайта құрылуы
(14-сурет).
Сурет-14. Тәрбиелік жүйенің даму кезеңдері
Тәрбие жүйесінің кез келген деңгейін
жарыққа шығарудағы алдыңғы
кезектегі проблема тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады, өйткені білім
беру саласындағы қызметкерлердің іс-әрекетінде, қоғамның басқа да саласында
жұмыс істейтіндер сияқты оның мақсаты мен міндеттері айқындалады. Сынып
жетекшісінің мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбиелік мақсатынан шығады,
өйткені сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбиелік жүйесінің бір бөлігі
болып табылады.
Тәрбиелік жүйе – тәрбиенің негізгі компоненттерінің (мақсат,
субъектілер, олардың іс-әрекеті, қарым-қатынас, материалдық база) өзара
әрекеттестігі процесінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның
психологиялық ахуалы сияқты интегративті қасиеттерді меңгерген тұтас
әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі – тәрбиелеуге қатысты ретке
Достарыңызбен бөлісу: