Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сурет-15. Тәрбиелік жүйені құраушы компоненттер



Pdf көрінісі
бет31/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Сурет-15. Тәрбиелік жүйені құраушы компоненттер 
 
Тәрбиелік 
жүйе 
– 
мектеп 
жасындағы 
өмірлік 
іс-әрекетін 
тәрбиеленушілердің мейлінше толығырақ өзін-өзі дамытуы мен жүзеге асыру 
мақсатында ұйымдастыру бойынша мақсатқа бағытталған іс-әрекеті. 
Мектептің тәрбиелік жүйесі – бұл мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу 
ортасы. XXІ ғасырдағы жалпы орта білім беретін мектептердегі тәрбиелік жүйе 
ұжымдық шығармашылық жұмыстың, қоғамдық пайдалы және өндірістік 
еңбек, әртүрлі ұйымдастырылған жұмыс формаларын кіріктіреді.
Ұжымның тәрбиелік жүйесін ұйымдастыру үшін маңызды міндеттерді 
бөліп қараған жөн:
- денсаулық пен саламатты өмір салтына тәрбиелеу; 
- жеке тұлғаның бойында адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру; 
- тұлғада адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру; 
- тұлғаның бойына біткен тума қабілеттерді одан әрі дамыту. 
Мектептің тәрбиелік жүйесі жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін әрекет етеді

Жеке тұлғаны тәрбиелеуге көмектесудің жалпы қабілеті төмендегідей жеке 
қабілеттерден құралатын тұтастық ретінде көрініс алады:
- тәрбиеленушінің және педагогтар ұжымы тұлғасының дамуын 
диагностика жасау қабілеті;
- тәрбиелеу процесінің мақсатын бекіту және негіздеу қабілеті;
- оқушы, сынып жетекшісі, ата-аналар тұлғасының өздігінен іске асуының 
және өздігінен бекітілуі үшін максималды қолайлы деңгейде жасөспірімдер мен 
үлкендердің мектептік бірлестігінің тіршілік әрекетін ұйымдастыру қабілеті;
- субъектілердің өзара әрекеттесуінің тиімділігін арттыру жөніндегі күш 
салуларды интеграциялау қабілеті;
Мақсат
Іс-
әрекет
Субъек-
тілер
Қарым-
қатынас
Игерілген 
орта
Басқару
Тәрбиелік жүйені құраушы компоненттер
 


43
- білім беру мекемесінде және одан тыс жерде тәрбиелейтін, өнегелік 
тұрғыдан сәтті және эмоционалдық жағынан толыққан ортаны жасай білу 
қабілеті. 
Сыныптың тәрбиелік жүйесі – бұл сыныптағы әрбір мүшені тәрбиелеп 
және олардың өмір сүруші ұйымдастыру тәсілі, біртұтас өзара әсер ететін 
компонент, ұжымда және тұлғаның дамуын қамтамасыз ету (Е.Н.Степанов). 
Тәрбиелеу жүйесінің тұтас субъект ретінде сипаттамасы (В.Е.Барышников 
бойынша):

педагогикалық өзара әрекеттесу барысында тәрбиелеу субъектілерінің 
құндылықтары мен мағыналарын келістіру процесінде пайда болады; 

өз дамуының жолдарын тұлға өзі анықтайды; 

өздігінен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады; 

тәрбиенің нәтижесі өз тағдырын шешу және меңгеру арқылы 
қамтамасыз етіледі; 

субъективтік бастама үстем болады. Мекендеген ортасы (білім беру 
мекемесінің әлеуметтік-мәдени ортасы) тәрбиелеу жүйесінің әрекет етуінің 
орны және қайта құру объектісі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет