8
Тәрбие
тар мағынада емес, кең мағынада, бір жақты емес, кең көлемде,
яғни табиғат
және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың жеке
тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетінің
нәтижесі ретінде көрініс табады.
Сондықтан да тәрбиенің мәнісі,
біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді,
ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны
өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев
өзінің «Ғасырлар
тоғысында» атты еңбегінде: «Тәрбиенің түп мақсаты – қоғамның нарықтық
қатынасқа көшіру кезінде саяси-экономикалық
және рухани дағдарыстарды
жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құруы іскер, өмірге икемделгіш,
жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» –
деп атап
көрсеткендей, педагогика ғылымында тәрбиенің мақсаты жеке тұлғаны жан-
жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын
азаматты тәрбиелеу.
Ал
И.Г.Песталоцци:
«Тәрбиенің мақсаты – балаға бастауыш білім, еңбек,
ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту» – деп
ерекше атап көрсетеді.
Неміс педагогы
А.Дистервег
педагогикалық
мәселелерді шешудегі
сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, мектептің міндеті –
адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу екендігіне
баса тоқталды.
Ресей педагогы
К.Д.Ушинский:
«Тәрбиенің мақсаты – қоғамға пайдалы,
адамшылығы бар адамды тәрбиелеу» – деп,
адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой,
еңбек --- тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырса, «Человек как предмет
воспитания» еңбегінде: «Жақсы әдет – адамның нерв жүйесіне жиған
адамгершілік капиталы: бұл капитал үздіксіз
өсе береді және оның
проценттерімен адам өмір бойы пайдаланады. Әдет капиталы пайдаланудан өсе
түседі және экономикалық өмірдегі мүлік капиталы сияқты адамға өзінің аса
бағалы күші – саналы ерік күшін барған сайын жемістірек жұмсауға және өз
өмірінің адамгершілік құрылысын әр жолы ірге тасынан қайта бастамай және өз
санасы мен ерік күшін өзі бір рет жеңіп шыққан қиындықтармен күреске
шығындамай-ақ биіктеткен үстіне биіктете беруге мүмкіндік береді» – деп атап
өтті.
Атақты педагог
Достарыңызбен бөлісу: