Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


-БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН



Pdf көрінісі
бет4/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

1-БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН 
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1-тақырып. Тәрбие процесі – тұтас педагогикалық процестің
құрамды бөлігі 
 
Тәрбие – мәдени-тарихи феномен 
Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясының басым 
бағыттарының бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының 
ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға 
бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 
30 елдің қатарына республиканы кіргізу межесін қойып отыр. 
Қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені аға буын өскелең 
ұрпаққа беруі қажет. Осы тәжірибе мен білімді меңгеру тәрбие процесі арқылы 
жүргізіледі. 
Жас ұрпақты тәрбиелеу адамзат қоғамының өмір сүруі және үдемелі-
индустриялы дамуы үшін қажетті шарт болып табылады.
Тәрбие – қоғамның, материалдық өндірістің үздіксіз дамуын қамтамасыз 
ететін фактор, күш-құрал. Тәрбие өзінің мазмұны, мақсаты мен сипатын әр 
қоғамдық құрылыс пен формацияларға сәйкес өзгертіп отырады. Сондықтан 
тәрбиені тарихи феномен ретінде қарастырады. 
Таптық қоғам дамуының тарихи сатысында жас ұрпақтың тәрбиесі, білім 
алуы таптық сипатта болды. Оның мақсаты мен бағыты үстем таптың саясаты 
негізінде құрылды. Ол үстем таптың қоғамдағы саяси-экономикалық 
үстемдіктерін орнатудағы басты құралдардың бірі болып келеді.
Тәрбие – қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан 
туындайтын объективтік процесс. Тәрбие деп 
тар мағынада
тәрбиешінің және 
тәрбиеленушінің ата-аналармен бірігіп, жоспарлы түрде жүргізілетін тәрбие 
жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие жұмыстарымен бір ғана тәрбиеші және
ата-аналар шұғылданып қоймайды, әртүрлі қоғамдық ұйымдар және қалың 
жұртшылық болып айналысады.
Тәрбие – кең мағынада табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен
ата-аналардың, бүкіл бұқараның жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына 
ықпал етуі (1-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет