Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сурет-20. Педагогикалық қолдаудың формалары



Pdf көрінісі
бет51/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Сурет-20. Педагогикалық қолдаудың формалары
 
Ғалымдардың жүргізген зерттеулеріне сүйене отырып, педагогикалық 
қолдаудың төмендегідей деңгейлерін қарастыруға болады: 

жеке-дара қолдау –
жеке тұлғаға жеке-дара қамқорлық көрсету; 

топтық қолдау – 
сынып ішіндегі жекеленген топтарға тәрбиелік қолдау 
көрсету; 
 

ұжымдық қолдау – 
тұлғаға (топқа) ұжым болып қолдау көрсету. 
Тәрбиешінің кәсіби ұстанымын педагогикалық қолдау нормасында 
бейнелеп көрсету 
Педагогикалық қолдаудың принциптері:
1. 
Ізгілендіру 
– баланың болашағына сену. 
2. 
Жүйелілік 
– педагогикалық қолдаудағы мақсат, міндет, мазмұн, 
нәтиженің өзара байланысы. 
Жылы лебіз
Жете тыңдай 
білу
Қажет болса – кеңес беру
Балаға деген сенім,
оның құқығын қорғау
Тәрбиешінің балаға қамқорлық қатынасы
Баланың қандай да табысын көре танып,
оған ұнамды баға беруден жалықпау
Педагогикалық қолдаудың 
формалары 


67
3. 
Кешенділік 
– педагогикалық қолдау жүйе элементтерінің өзара 
байланыстылығы.
4. Жеке тұлғаның мүмкіндігіне, оның даму қарқынына сәйкес қолдаудың 
мазмұнын, формаларын және тәсілдерін болжайтын 
баланың жеке және жас 
ерекшеліктерін есепке алу.
5. Тәрбиелеу процесінде баланы 
қолдаудың үздіксіздігі.
Педагогикалық қолдау алгоритмі: 
1. 
Мәселенің қойылымы.
Қажеттілікті қанағаттандыру, қойылған мәселенің 
мәнін түсіну, жеке тұлғаға диагностикалық зерттеу жүргізу және ақпарат 
әзірлеу.
2. 
Алынған ақпараттың сараптамасы. 
Барлық қызығушылық танытқан 
тұлғалармен мәселені шешудің мүмкін жолдары мен тәсілдерін бағалау және 
талдау, әртүрлі шешімдердің жағымды және теріс жақтарын талқылау. 
3. 
Кешенді көмек беру жоспарын әзірлеу.
Іс-әрекет тізбекті-реттілігін 
анықтау, әрбір қатысушы тұлғаның атқаратын қызметтерін бөлу, тәрбиеленуші-
тәрбиеші-ата-аналарға арналған бірлескен ұстанымдар жасау.
4. 
Мәселені шешуде жоспарды іске асыру.
Әрбір қатысушының өзіне 
берілген тапсырманы орындауы.
5. 
Қолдау қызметі нәтижелерінің мәнін ұғыну және бағалау. 
Не сәтті 
болды? Қандай сәтсіздік пайда болды? Неліктен? сұрақтарына жауаптар 
алынады. Одан әрі не істеу қажеттілігі анықталынады.
21-суретте педагогикалық қолдау бойынша жұмыстың тізбектілігі немесе 
алгоритмі ашылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет