Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Педагогикалық қолдау – баланың дамуына көмектесу және оның



Pdf көрінісі
бет49/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

 


64
Педагогикалық қолдау – баланың дамуына көмектесу және оның 
денсаулық, қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін 
шешуге бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету 
Қазіргі кезеңде педагогикалық қолдау төмендегідей қарастырылады: 
- нақты адамға оның денсаулығы мен психикасына, оқуына басқа да 
кедергілердің алдын алу және нақты іс-әрекеттік көмек көрсету; 
- адамның жеке басы ерекшеліктерінің орнығу процесін қамтамасыз етуге 
бағытталған педагогикалық қызметтер; 
- тәрбиеленушіні басшының жетекке алуы; 
- ауытқуға бейім іс-әрекет қиыншылықтарын жеңуге бағытталған 
ықпалдастық іс-әрекеттердің ерекше түрі; 
- келеңсіз мінез әрекеттеріне бейім жасөспірімге нақты жекеленген жәрдем 
беру; 
- тәлім-тәрбие мекемесінің педагогикалық қолдау проблемасын өзінің 
өмірлік принципіне айналдыруы; 
- жеке тұлғаның өзін-өзі тану шартына айналып, оқу мен тәрбие шеңберін 
үйлестіруге бағытталған ықпалдастығын күшейте түсу. 
Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдау адамды өзі көздеген 
нәтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды. Кедергілер 
– қиындық, тоқтау, мәселе, сұрақ, күдік, жағымсыз көңіл-күй, проблемалық 
жағдаятты қамтитын жалпы ұғым. 
 
Кедергілер төмендегідей бөлінеді:

Тұлғалық «Мен» кедергісі бағдарының болмауы, қиындық және 
мәселенің туындауы: педагогикалық қолдау жүйесінде бағдар беру дегеніміз 
сұрақтарға жауап беру, қажетті ақпарат беру, өзіндік дамуына көмектесу болып 
табылады.
Кедергі, қиындық адамның қажетті нышаны, қабілеті, қасиеттері арқылы 
іс-әрекет, қатынас, өзіндік санадағы кейбір қиындықтарды жеңе білуі, сонымен 
қатар ерік, интеллектуалдық, моральдық күш жұмсаумен ерекшеленеді. 
Кедергіні шешу мәселесінде қажетті нәтижеге жету үшін тұлғаның дене бітімі, 
психикалық, коммуникативтік дамуы, білімі, тәжірибесі, іс-әрекет тәсіліндегі 
жеткіліксіздікті сезінуінен көрінеді және бұл кедергілерді ол өздігінен жеңе 
алмайды. 

Әлеуметтік 
«олар» 
кедергісі: 
әлеуметтік 
орта, 
тәрбиеші, 
тәрбиеленушілерге қатынас стилін айқындаушы достары, құрбылары, отбасы, 
аймақтық әлеуметтік-мәдени жағдайы және т.б. 

Материалдық жағынан кедергі: оқу кабинеттерінің жетіспеуі, отбасының 
қаржылық жағдайының нашарлығы және т.б.
Мектеп жасындағы балаларда кездесетін кедергіні жеңуде мектептің рөлі 
өте зор. 
 
Педагогикалық қолдау барысында жалпы орта білім беретін 
мектептерде орындалатын жұмыстар: 
1. Сынып имиджін қалыптастыру.
2. Сыныпта қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру: диагностика 
және жеке тұлғаның ақпаратты қажеттілігін, олардың танымдық іс-әрекетке 


65
деген дайындығының өзекті деңгейін есепке алу, және интеллектуалды 
қабілетінің, қоршаған ортадан ақпаратты алудың басымды тәсілдерінің 
диагностикасы (есте сақтау, зейін, өз ойын еркін түрде жеткізу).
3. Оқушылардың оқуға деген қажеттілігін қалыптастыру: табысты, 
танымды әрекетінің тәжірибесі үшін жағдай жасау, ақыл-ой еңбегінің 
нәтижесіне құрмет сезімдерін арттыру: тәрбиелік іс-шаралардың сапалық 
мазмұны, тәрбие сағаттары, оқыған кітаптарды талдау, танымды ойындар, 
әңгімелер.
4. Білім берудің тұлға-бағдарлау мазмұнын құрастыру: құрал мен 
дидактикалық материалдарды құрастыруда, тәрбиелік іс-шараларды жүргізуде 
тәрбиеленушілер мен ата-аналардың қатысуы, қажетті тапсырмаларды әзірлеу, 
ұжымдық шығармашылық істер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет