Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Тәрбиелік технологиялар тиімділігінің педагогикалық шарттары



Pdf көрінісі
бет63/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Тәрбиелік технологиялар тиімділігінің педагогикалық шарттары 
Тәрбиелеудің мақсат, міндетін, мазмұнын, бағыттарын дәл анықтап, оны 
орындаудың бірізді жүйесі жасалғанымен, педагог тәрбиелеудің формаларын 
меңгермесе, оны тиімді пайдалана алмаса, тәрбиені іске асыра алмайды. 
Тәрбие жұмысының тиімді ұйымдастырылуының шарттары: 
1. Тәрбиенің барлық бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстар
бір-бірімен тығыз байланысты, кешенді тұрғыда бірін-бірі толықтыра, бірізді, 
жүйелі жүргізілуге тиіс. 
2. Жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін оны жан-жақты түгел зерттеп, 
психологиялық-физиологиялық дамуын, мінез-құлқын, қажетін, мүмкіндігін 
біліп, оған жеке-дара келгенде ғана табысқа жетуге болады. 
3. Тәрбие шараларын белгілегенде жеке ерекшеліктерін түгел ескеріп, 
тәрбие әдістерін таңдау қажет. 
4. Жеке тұлғаға ықпал ету әдістерін таңдағанда, оның бойында қалыптасып 
қалған тәрбиесін ескерген дұрыс. 
Осы аталған тәрбие шарттарын ескеру тәрбие жұмысының нәтижелі 
болуын қамтамасыз етеді. 


81
Тәрбие 
технологиясының 
әр 
алуан 
саласындағы 
тәрбие 
жұмыстарының ерекшеліктері 
Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тек сабақпен ғана шектеліп 
қоймайды, ол сабақтан тыс уақытта да жалғасады, тереңдетіледі. Сабақ процесі 
кезінде тәрбие міндеттерінің барлығын шешу мүмкін емес. Әртүрлі сыныптан 
тыс, мектептен тыс жұмыстар жоспарлау қажет. 
Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері 27-суретте ашылды.
Сурет-27. Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері
Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері: 
Бірінші ерекшелігі 
– еріктілік негізінде ұйымдастырылады. Жеке тұлғаны
әртүрлі шараларға қатысуды ерікті түрде таңдайды. Өз қызығушылығы, 
қабілетіне қарай түрлі үйірмелерге жазылып, сабақтан тыс уақыттарда өз 
қалауымен жеке және көпшілік жұмыстарға қатысады. Еріктілік сыныптан тыс 
жұмыстар түрлерін таңдау кезінде ғана болады. 
Екінші ерекшелігі 
– міндетті оқу бағдарламасымен байланысты емес. Оның 
мазмұны мен формалары, жеке тұлғаның қызығушылығына, сұранысына 
байланысты болады. 
Үшінші ерекшелігі 
– сыныптан тыс жұмыстарға қатысатын жеке тұлғаның
жас ерекшелігінің әртүрлілігі. Мысалы, мектеп хорына, ансамбліне, театрына, 
үйірмелерге әртүрлі жастағылар қатыса алады. 
Төртінші ерекшелігі 
– сыныптан тыс жұмыстарда көбінесе жеке тұлғаға өз 
бетімен жасайтын жұмыстар беріледі. 
Бесінші ерекшелігі 
– тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қоғамдық пайдалы 
іс-әрекетке үлкен орын беріледі. 
Алтыншы ерекшелігі 
– сыныптан тыс жұмыстың формасының, әдісінің 
әртүрлілігі. 
Сыныптан тыс жұмыстарға оқушылармен жүргізілетін тәрбиелік, білімдік 
сипаттағы мақсатты түрде ұйымдастырылған шаралар жатады. Сыныптан тыс 
жұмыстар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға негіз болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет