Байланысты: аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады
Ойын технологиясы Ойын – оқу процесіндегі оқытудың формасы әрі әдісі ретінде дербес
дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың
бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға
болады.
Ойынның мақсаты – ойын технологиясы арқылы баланың сөйлеу тілін
дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Міндеті – баланың қызығушылығын
ояту, белсенділігін арттыру.
Жеке тұлға үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы
ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді,
еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді.
Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, баланың ойынына қатысты
мәселелерге соқпай кеткен ағартушы-педагог болмаған екен. Прогрессивті ұлы
педагогтар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци халықтық ойынға
назар аударып, халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған.
Ойынның баланың денін сауықтыратынын, ақыл-ойын белсенді ететін және
барлық ағзаларын икемді қозғалуға баулитын мәнін Я.А.Коменский дәріптеген.
Ж.Ж.Руссоның пікірінше, білім алу ойынның бала өмірінде кезектесіп,
алмасып отыруы, бір-бірімен сабақтаса байланысуы бала дамуындағы қажетті
шарт.
Жалпы ойынды ұйымдастыру үш бағытты қамтиды:
ойынды өткізуге әзірлік;
ойынды өткізу;
ойынды талдау.
Ойынның түрлерімен, мазмұнымен таныстыра отырып өткізу, сол
өткізілген ойынды талдау арқылы ойынның өз мақсатына жетуі – олардың
белсенділігі және іс-әрекеті арқылы іске асады (31-сурет).
Ойынның түрлері: 1. Мазмұнды бейнелі ойындар: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана,
ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер.
2. Қимыл-қозғалыс ойындары: «Ақ серек пен көк серек», «Ұшты-ұшты»,
«Аңшылар», «Сиқырлы таяқ», «Мысық пен торғайлар», «Бақташы мен
қозылар», «Соқыр теке», «Мысық пен тышқан».
88
3. Дидактикалық ойындар: заттың түсін анықта, қуыршақты серуенге
дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер,
аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт және т.б.
4. Құрылыс ойындары: лото және басқа конструкторды пайдалану.