82
Мектеп пен сыныптағы тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау мен
ұйымдастыру технологиясы және оның технологиялық алгоритмі
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім.
Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін
әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен де ұштасады. Ол
әдетте, сыныптан тыс және
мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Оқушылармен оқудан тыс жүргізілетін
бұл тәрбие жұмыстарының мақсаты – сабақ үстінде жүзеге
асыратын тәрбие
міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық
ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту,
қоғамдық
белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді. Бұл
бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда тәрбиешіге оның қоғамдық
бағытының болуын, олардың жас және дара
қасиеттерін ұйымдастыру
жұмыстарындағы іс-әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.
Оқыту процесінде білім, білік, дағдының
өзара тығыз байланысы пайда
болады, ол тәрбие процесінде ғылым негіздерімен бірлесе келіп, жеке тұлғаның
айналасындағы құбылыстарға қатынасын туғызады. Соның нәтижесінде жеке
тұлғаның дүниетанымы қалыптасады (28-сурет).
Мектептегі тәрбие жұмыстарының негізгі
бағыты тәрбиеленушілердің
танымдық белсенділігін дамыту, сол арқылы
өмірдің маңызды жақтарына
қатынасын қалыптастыру:
- адамның табиғатпен өзара үйлесімді қарым-қатынас ортасы;
- қоғамдық қатынастар аясы (адамгершілік, құқықтық,
экономикалық,
өндірістік және т.б. – әлеуметтік ортасы);
- психологиялық орта (саналылығы, өзін-өзі дұрыс басқара білуі, ойлаудың
интуициялық тетіктері, табиғи болмысы, дарыны және т.б.).
Тәрбие процесі оқыту және дамыту процесімен ажырамастай байланыста
әрі ол адамның дамып қалыптасуында маңызды орын алатын негізгі өзек болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: