Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сурет-30. Куратордың функционалдық міндеттері бойынша типтері



Pdf көрінісі
бет67/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Сурет-30. Куратордың функционалдық міндеттері бойынша типтері 
Куратордың функционалдық міндеттері бойынша типтері

1. Әкімшіл куратор
– тәрбиешінің әкімшілік міндеттерін жүзеге асырушы 
педагог: ұйымдастырушылық (тәртіп мәселесі, сабаққа қатыстыру және т.б.), 
ақпараттық (әрбір тәрбиеленушінің сабақ үлгірімі туралы ақпарат жинау және 
ата-аналармен байланыс), мәдени-көпшілік (эпизодтық мәдени-көпшілік 
шаралар және т.б.). 
2. Тәрбиеші куратор
– өзінің міндеттерін тәрбиеленушінің жас ерекшелігі 
теориясына сүйене отырып, жүзеге асырушы ғана емес, сонымен бірге өзінің 
педагогикалық қызметін жеке тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктерін 
ескере отырып, жүзеге асырушы педагог.
Жеке тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктеріне төмендегілер 
жатады: 
а) тәрбиеленушінің мектептен тыс уақыттағы жағдайларын білу (оның 
ортасы, қызығушылығы, немен шұғылданатыны); 
ә) тәрбиеленушінің отбасы туралы мәлімет (оның құрамы, білімі, олардың
ата-аналарына деген қарым-қатынасы, ата-аналарының мектепке деген 
қатынасы, отбасының психологиясы); 
б) мектепте тәрбиеленуші туралы не белгілі? (мәліметтер): 
- мінез-құлық ерекшелігі; 
- ерік-сезім сапасы; 
Байланыстырушы 
куратор
Әкімшіл
куратор
Тәрбиеші
куратор
Ұйымдастырушы
куратор
Куратордың 
функционалдық 
міндеттері 


86
- таным мүмкіндіктері мен қабілеті; 
- тәрбиеленушінің ұстанған бағыты; 
- сабаққа, еңбекке қатынасы; 
- қызығушылығы, бейімі; 
- өзіне қатынасы; 
- ұжымға қатынасы. 
Тәрбиеші куратор сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің көмегіне 
сүйенбей, өз бетінше дербес тәрбие жұмысымен айналысады. Кейде мұндай 
кураторларды міндетіне қарай «өз бетінше ойлаушы куратор» деп те атайды. 
Бұл басқа пән мұғалімдерімен байланыста жұмыс істеуді қаламағандықтан 
емес, мұндай кураторлардың арнайы ұйымдастырылған дағдыларының 
жоқтығынан. 
3. Байланыстырушы куратор
– өз сыныбында пән мұғалімдерімен тығыз 
байланыста жұмыс істейтін, яғни тәрбиеленуші-куратор-мұғалім арасын 
байланыстыратын тәрбие жұмысымен айналысушы педагог-тәрбиеші. 
Куратор олардың психологиялық ерекшеліктері мен отбасындағы 
жағдайларын біле отырып, әрбір пән мұғаліміне жеке тәрбиеленушімен қалай 
жұмыс істеу қажеттігіне көмектеседі, сондай-ақ пән мұғалімдері кураторларға 
ақыл-кеңес беріп отырады. Оған ата-аналарға белгілі бір ақпараттарды жеткізіп 
отыруды тапсырады. 
4. Ұйымдастырушы куратор
– сабақтан тыс уақытта сыныптағы белсенді 
шығармашылық жұмыстарға қатыстыра отырып, ұйымдастыратын тәрбиеші. 
Шығармашылық істерді бір сыныптағы оқушылармен ғана емес, бірнеше 
параллель сыныптағы оқушылармен өткізетін іс-шараларды ұйымдастырушы 
куратордың деңгейі әлдеқайда жоғары болады.
Жалпы орта білім беретін мектептегі оқушылармен ұйымдастырылатын 
тәрбие жұмысының негізгі формасы – сыныптағы тәрбие сағаты. Сынып сағаты 
– барлық сыныптарда міндетті түрде ұйымдастырылатын тәрбиелік шара. 
Сынып сағатын төмендегідей жүйелеуге болады: 

Сынып сағаты – сынып және мектепішілік шараларды ұжымдық 
ұйымдастыру тәсілі. 

Сынып сағаты – әртүрлі дау-жанжал, қайшылықтарды шешу мүмкіндігі. 

Сынып сағаты – жоспарлы түрде жарты жыл қорытындысын талқылау. 

Сынып сағаты – оқушылармен педагогикалық-психологиялық мәселелер 
бойынша әңгімелесу. 

Сынып сағаты – жеке тұлғаның танымдық қабілетін дамыту жолдары. 
Сынып сағаты – жеке тұлғаның адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, 
өнер саласындағы талғам-тілектерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін 
жағымды-жағымсыз мінез-құлық нормаларына, олардағы дұрыс көзқарасты 
қалыптастыруға, ұлтжандылық сезімдерін шыңдауда сабақтан тыс кезде 
өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып 
саналады. Сынып сағаттарын өткізу барысында олардың танымдық 
белсенділіктері артады және іскерлік дағды қасиеттері қалыптасады. 
Сынып сағаты негізінен екі бағытта жүргізіледі. 
Біріншісі,
әдетте өткен 
апта бойынша сыныптағы оқушылардың үлгерім нәтижелері, сабаққа қатысуы, 


87
тәртібі, оқуы, қоғамдық істері және бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы 
мәселелер қаралады. 
Екіншісі, 
әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар. 
Олардың қатарына қызықты әңгімелер, кездесулер, диспуттар, пікірталас пен 
оқырмандар конференциясы және т.б. бағыттағы тәрбиелік жұмыстарды 
жатқызуға болады. Сынып немесе тәрбие сағаттарын өткізуде педагогтың
басшылыққа алатын негізгі міндеті – тәрбиелік жұмыстарға оқушылардың
өздерін қатыстыру, оған олардың белсене араласуын, кез келген әрбір 
оқушының тәрбиелік шараларды дайындау және өткізу барысында қалыс 
қалмауын қадағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет