Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет72/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

 
 
 
 
 
 
 
Сурет-33. Шығармашылық істің түрлері 
 
Шығармашылық істің түрлері: 

Еңбекке баулитын шығармашылық іс.
Оның негізгі мақсаты қоршаған 
орта туралы тәрбиеленуші білімін молайту, қуанышты өмір негізі еңбек 
екендігіне олардың сенімін, көзқарасын қалыптастыру, еңбекті өз еркімен, 
шығармашылықпен істеуге үйрету. 

Танымдық қабілет пен білімді дамытатын шығармашылық іс.
Танымдық шығармашылық іс өмірде әлі сыры ашылмаған, анықталмаған 
беймәлім нәрселерді, жұмбақтарды ұжымдық түрде береді. Танымдық 
шығармашылық 
іс 
олардың 
білімге 
ұмтылуын, 
табандылығын, 
байқағыштығын, шығармашылық ойлауын, рухани байлығын дамытады. 
 
Шығармашылық 
істің
түрлері 
 
Еңбекке баулитын 
шығармашылық іс
 
Танымдық қабілет 
пен білімді 
дамытатын 
шығармашылық іс
 
 
Спорттық 
шығармашылық іс
 
 
Көркемөнерге 
баулитын 
шығармашылық іс
 


93

Көркемөнерге баулитын шығармашылық іс.
Шығармашылық іс 
мақсатты түрде олардың эстетикалық талғамын дамытып, өнерге деген рухани 
мәдениетін көтеріп, жан дүниесін байытады. 

Спорттық шығармашылық іс.
Спорттық шығармашылық шаралардың 
басты тәрбиелік мәні оларды спорттық сауықтыру шараларына, дене тәрбиесі 
сабақтарына шынайы көзқарастарын дамытып, қоғамның белді мүшесі болуға 
дайындау. Спорттық шығармашылық іс шапшаңдық, ептілік, шыдамдылық, 
батылдық, ерлік қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі. 
Сонымен, осы заман тәрбиешісі өзінің сан-салалы қызметінде жаңа 
идеялар, инновациялық технологияларды басты назарға алуы қажет, себебі 
қазіргі кездегі тәрбие жұмысының нәтижелілігі тәрбиенің бұрынғы ескірген 
әдіс-тәсілдерін жаңа технологиялармен алмастыруға тікелей байланысты. 
Тәрбие 
процесін 
ұйымдастыру 
мен 
оны 
басқару 
педагогикалық 
технологиялардың ақпараттық қорына, таңдау өлшемі мен тетігін нақты тәрбие 
процесіне қосу негізінде құрылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет