52
арасында кездеседі.
Бактериофагтарды пайдалану. Фагтарды жұқпалы ауруларды емдеу
үшін, диагноз қоюға және аурулардан сақтану мақсатында қолданады.
Емдеу үшін стафило-, стрепто-, дизентериялық, іш сүзектік,
салмонеллездік, коли - протейлік т.б. фагтар бар.
Таблетка, ұнтақ немесе
сұйық күйінде шығарылады.
Профилактикалық мақсатта тиісті фагтарды ауру қаупі тӛнген кезде,
немесе науқаспен жанасқан адамдарға береді. Емдеу профилактикалық
фагтарды ауыз арқылы және жарақаттарды ӛңдеу әдістерімен қолданады,
инъекциялық әдіс қолданбайды.
Фагтардың тиісті микробтарға спецификалық әсерін жұқпалы ауруларға
диагноз қою үшін және сыртқы орта объектілерінің
тиісті микробтармен
ластанғанын анықтау үшін жиі қолданады. Мысалы, судың, топырақтың, ас-
тағамдарының ішек тұқымдас бактериялармен ластанғанын анықтау үшін
фагтардың титрының реакциясын қояды. Егер де зерттелетін затта микроб
бар болса спецификалық фаг оған еніп, ӛсіп - ӛніп, оның титрі кӛбейеді.
Науқастан, немесе басқа объектілерден бӛлінген микроорганизмнің
фаготиптерін анықтайды. Фаготипін анықтау әсіресе ішек инфекцияларында,
стафилококкты инфекцияларда жиі атқарылады.
Фаготипін анықтаудың эпидемиологиялық маңызы бар,
яғни инфекция
кӛзін, таралу жолдарын байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: