Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет176/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Тінтуір 
шаңды өзіне жинаумен кілемшенің бетімен тығыз 
жұмыс істеуінен ластанады. Тінтуірдің ластануын экранда оның 
сілтемесі секіруінен, тігінен жəне көлденеңнен жылжытылмай 
қалуынан білуге болады. Тінтуірді тазалау үшін оны кері 
жағындағы тіл ұстауышы бойынша бұраумен бөлшектеу керек. 
Тінтуір корпусының ішінен шыққан шар, немесе роликті кірден 
тазалау қажет, бұл кезде пинцеттің ұшымен, сосын спиртке 
малынған таяқшамен тазалаған дұрыс. Оптикалық-механикалық 
тінтуірді үнемі тазалап тұру керек. Оптикалық тінтуірге кілемшені 
жəне төмендегі линзаларды тазалау жолымен қызмет көрсетіледі. 
Монитор 
да 
ластанса оның жұмысы тоқтайды. Монитор 
корпусын 
шаңсорғышпен, 
арнайы 
сұйықтыққа 
малынған 
шүберекпен тазалауға болады, бұл жерде су ішіне кіріп кетпеуін 
мұқият бақылаған дұрыс. Монитор ішін маманға тазалату 
ұсынылады. 
Сканер 
өз жұмысқа білеттілігін сканерлеу кезінде түпнұсқаны 
қоятын шыны бетінің шаңдануына байланысты жоғалтады. Оны 
монитор экранын қандай құралдармен тазаласа, сонымен тазалаған 
дұрыс. 
Бүріккен принтер
, әсіресе баспа тиегі 
мұқият қызмет көрсетуді 
талап етеді. Бірақ бүріккіш принтерлердің көптеген модельдерінде 
тазалаудың кіріктірілген функциясы қарастырылған. Сиялардың 
қатуына жəне капиллярлардың тығындалуына жол бермей үшін 
оған резервуар кіріктірілген болса, сияға немесе барлық бастиекке 
арналған резервуарды жою ұсынылады. Бүріккіш принтерлердің 
сыртқы бетін тазалайтын арнайы сұйықтыққа малынған жұмсақ 
қылқаламмен тазалайды, ал сиямен ластанған ішкі жағын – 
сулықпен тазаланады. 
340 


Лазерлі принтер 
қарапайым қызметтер көрсетіледі. Ауаны 
циркуляциялардан 
қорғауға 
арналған 
фильтрді 
мерзіммен 
ауыстырып отыру, тығындалған шаңды принтердің ысып кетуіне 
кедергі болады, сондықтан оны тазалап отыру қажет. 
Лазерлі принтердің ішкі жағын шаңнан шаңсорғышпен тазалау 
беріледі, ол жақтағы миниатюралық жəне сынғыш заттарды байқау 
керек. Мақтасы бар таяқша немесе принтерлердің жеке 
модельдеріне қоса берілген арнайы тазалауға лайық заттарды 
пайдаланған жеткілікті. 
Тонері бар кассетаны ауыстыру кезінде тонердің бөлігі принтер 
ішіне түсіп кеткен жағдайда тазалауды ылғал шүберекпен немесе 
мақтасы бар таяқшамен тазалау қажет. 
Тонері бар кассетаның пайдалану мерзімін ұзарту үшін баспа 
сапасының төмендеуі байқалса, тонерді қайта бөлу жүргізу қажет. 
Бұл үшін тонері бар кассетаны шығарып бірнеше рет шайқап, 
ішіндегі тонерді бірдей етіп жайғастыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет