192
ЖҮЗІКТӘРІЗДІ ШЕМІРШЕКТІҢ
(cartilagо cricoidea) екі бөлігін – алдыңғы доғасын
(arcus cartilaginis cricoidea) және артқы, төртбұрыш пішінді табақшасын (lamina cartilaginis
cricoidea) айырады.
КӨМЕЙ ҚАҚПАҚШАСЫНЫҢ
(cartilagо epiglottica) төменгі, жіңішке ұшы (petioles
epiglottidis) қалқанша шеміршектің ішкі төменгі бетімен байланысқан.
ОЖАУТӘРІЗДІ ШЕМІРШЕКТІҢ
(cartilado arytenoidea) негізін (basis cartilaginis
arytenoidea), ұшын (apex cartilaginis arytenoidea) және үш бетін: медиальді (medialis), артқы
(posterior), алдыңғы-латералды (anterolateralis) ажыратады.
Негізінің алдында дауыс
өсіндісі, (processus vocalis), ал бүйір жағында бұлшықеттік өсінді (porcelsus muscularis)
орналасқан.
МҮЙІЗШЕТӘРІЗДІ ШЕМІРШЕК
(cartilagо corniculata) ожау-көмей қақпашығы
қатпарының
артқы бөлігінің ішінде, ожаутәрізді шеміршектің ұшында, мүйізшетәрізді
төмпешік (tuberculum corniculatum) түрінде орналасқан.
СЫНАТӘРІЗДІ ШЕМІРШЕКТЕ
(cartilagо cuneiformis)
алдыңғы шеміршектей, оның
алдында орналасып, ожау-көмей қақпашығы қатпарының ішінде сынатәрізді төмпешік
(tnberculum cuneiformis) түрінде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: