176
Синтездік карта нышанындағы үлгіні құру үшін барлық кеңістік
уақыттық үлгілерге қойылатын талаптарға сəйкес құбылыстың ішкі
құрылымын қиып алып тастауға тура келді. Соның нəтижесінде
қосымша талдау карталарды құруға тура келді.
Бізді қоршаған орта құбылыстарын картографиялық əдіспен
та нып білудің төмендегі кездерін сызба-нұсқа түрінде көрсетуге
бо ла ды:
- бізді қоршаған шындықты бақылау арқылы картаға түсіруге
қажетті ақпараттар алу;
- өңделген ақпараттардың негізінде картаны құру;
- жаңа қосымша ақпарат алу мақсатында картографиялық
əдіс
ке тəн тəсілдер жүйесін қолданып, карталар мен карталар
жүйе сін оқып-үйрену;
- Картографиялық зерттеу əдістерін пайдалану нəтижесінде
алынған жаңа ақпараттарға негізделіп қажет болғанда жаңа
картографиялық өнімдер карталарды, көлденең қима-сызба,
кестелерді оқып-үйренуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: